19.08.2016, 14:18 4103

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне Тайланд Корольдігі қатысады

Бүгін Астана қаласындағы ұйымдастырушылар кеӊсесінде "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне Тайланд Корольдігініӊ қатысатындығы туралы келісімшартқа қол қойылды.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласындағы ұйымдастырушылар кеӊсесінде "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне Тайланд Корольдігініӊ қатысатындығы туралы келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма басшысы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрлігініӊ тұрақты хатшысы - Тайланд ұлттық секциясыныӊ комиссары Ареепонг Бхоочаоом қол қойды.

Басқосу барысында Ахметжан Есімов "Болашақ энергиясы" тақырыбында өткізілетін көрменіӊ ұйымдастырылу жұмыстары туралы толығырақ айтып берді.

"ЭКСПО-2017 дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр. Тіпті, биылдыӊ күзінде біз қатысушы мемлекеттерге өздерініӊ ұлттық павильонын дайындау үшін берілетін болады", - деді өз сөзінде ұлттық компания басшысы.

Сонымен қатар, А.Есімов көрменіӊ халықаралық ілгерілету мәселесін де қозғады. Бүгінгі таӊда 96 мемлекет қатысатындығын растап, 63 мемлекетпен қатысу келісімшартына қол қойылды.

Өз кезегінде, Тайланд ұлттық секциясыныӊ комиссары А.Бхоочаоом Қазақстанныӊ Тайланд үшін Орталық Азиядағы маӊызды сауда-экономикалық әріптесі екендігін ескере кетті.

"ЭКСПО" қатысу біздіӊ Корольдік үшін өте маӊызды. Көрме бііздіӊ мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үшін ерекше қарқын беретіндігіне сенімдіміз", - деді Бхоочаоом.

Кездесуде тайлықтар Ұлттық күнді атап өту рәсімін 2017 жылдыӊ 12 тамызына бекітуді сұрады. Бұл күні Тайландта Рам ІХ патшасыныӊ жұбайы мәртебелі Сирикит патшайымыныӊ туған күніне қатысты салтанатты шара ұйымдастырылады. Осы шара аясында тайлық павильон ЭКСПО қатысушыларына арнап мәдени, ойын-сауық іс-шарасын қткізбекші.

Энергетика министрлігініӊ тұрақты хатшысы А.Бхоочаоом "жасыл" энергетика саласындағы еӊ үздік технологияларын көрме барысында әлемге паш ететіндігін атап өтті.

Тайланд 2021 жылы баламалы энергия көздерін пайдалану үлесін 25 пайызға дейін өсіруді көздеп отыр. Мемлекеттіӊ биомассаны пайдалану мен дамытуда мол тәжірибесі бар әрі оныӊ энергияға айналуы бойынша Азия-Тынық мұхиты өӊірінде лидер ретінде сақталып қалуына ниетті.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаӊтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан сапарлар болады деп күтіледі.

Қосымша ақпарат үшін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыӊыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: [email protected], www.expo2017astana.com

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны