31.03.2014, 19:51 6857

ЭКСПО-2017 кезінде шамамен 20 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылмақ-Т.Ермегияев

"Көрменің құнына келер болсақ, ол техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарынан кейін анықталады. Біз оны бітіріп қалдық. Менің ойымша, екі апта ішінде біз техникалық-экономикалық негіздеменің сараптамасын аламыз. Онда осы жобаның шамамен құнына тең келетін цифрлар көрсетіледі", - дейді басқарма төрағасы.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Астанада ЭКСПО-2017 кезінде құрылыс саласында шамамен 20 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.

"Менің ойымша, көрменің экономикалық тиімділігі ұшан-теңіз. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласына серпін бермек. Мысалға, құрылыс саласы бойынша көрмеге дейін, көрме уақытында және одан кейін 20 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады", - дейді Т.Ермегияев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Ұлттық компаниярның міндеттемесі - Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ауқымын кеңейту.

"Көрменің құнына келер болсақ, ол техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарынан кейін анықталады. Біз оны бітіріп қалдық. Менің ойымша, екі апта ішінде біз техникалық-экономикалық негіздеменің сараптамасын аламыз. Онда осы жобаның шамамен құнына тең келетін цифрлар көрсетіледі", - дейді басқарма төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны