09.02.2016, 18:59 3797

ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы серіктестік бағдарламасына қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Астана қаласы әкімдігімен жиналыс өткізді. Күн тәртібінде Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мәселелері қаралды

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Астана қаласы әкімдігімен жиналыс өткізді. Күн тәртібінде Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылдыӊ күзінде біз Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойған болатынбыз. Соныӊ негізінде инженерлік жүйе, жол құрылысы, транспорттық инфрақұрылым, қалалық және қоғамдық көлік, туризмніӊ дамуы, тағы да басқа көптеген мәселелер қаралды", - деді ұлттық компания басшысы А.Есімов.

Бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында тараптар 2017 жылы өтетін көрмеге дайындық және оны өткізу бойынша өзекті мәселелерді жұмыс тәртібінде талқылап, шешеді. А. Есімов ұлттық компания атқарған негізгі жұмыстарға тоқталып, іс-шаралардыӊ кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, барлық бағыттар бойынша жұмыстардыӊ күшейтілгенін және Мемлекет басшысы берген тапсырмалардыӊ бәрі орындалып жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таӊда 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 басқарма төрағасы көрменіӊ ашылуы кезінде қатысушы мемлекеттердіӊ саны 100-ге жететініне сенім білдірді.

Елорда әкімініӊ орынбасары Нұрәлі Илиев қаланы аталмыш маӊызды шараға дайындау жөнінде толығырақ айтып берді. Оныӊ айтуынша, ЭКСПО өткен кезде басты жүктеме көлік басқару жүйесіне түседі. Астана әкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланыӊ көлік-логистикалық инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, бірыӊғай диспетчерлік қызмет пен көліктік бақылау қызметі құрылды, Қазақстанда алғаш рет Көлік ағынын басқару орталығы енгізіліп жатыр, тұрақ кеӊістігін басқару жүйесін кешенді құру мәселесі қаралуда, интеллектуалды көлік жүйесін (ITS) енгізу жұмыстары қолға алынды және т.б. Н. Илиевтіӊ сөзіне қарағанда, осы мәселені кешенді түрде шешу елорданыӊ көлік-логистикалық желісін халықаралық стандарттарға сәйкес құруға мүмкіндік береді. Қала әкімініӊ орынбасары өз баяндамасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, көрме қонақтарын орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру, іс-шаралар күнтізбесі, волонтерлар жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелерге тоқталды.

Қала әкімдігі қызмет көрсету саласында сапаны арттыру бойынша жұмыстарға айырықша назар аударады. Бүгінгі таӊда ұлттық компаниямен бірлесе "ЭКСПО ұсынады" Астана қаласыныӊ серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда. "Қазіргі кезде серіктестік бағдарламаға қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті", - деді Н. Илиев. Оныӊ айтуынша, бағдарламаға қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, көлік қызметтерін ұсынатын компаниялар мен турфирмалар қатысады.

Кеӊес соӊында елорда әкімі бірлесіп жұмыс істеудіӊ және барлық бағыттар бойынша өзара әрекет етудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Қала үшін ЭКСПО халықаралық көрмесі маӊызды емтихан болып табылады, оныӊ үстіне бұл елордамыздыӊ тыныс-тіршілігініӊ барлық саласыныӊ дамуына қосымша серпін береді. Көрмеге де, Астанаға да қызығушылықтыӊ ұдайы артып отырғаны байқалады. Бүгінде барлық қалалық құрылымдардыӊ басты міндеті - қаланы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау" - деді И. Жақсыбеков.

А.Есімов, өз кезегінде, Астана үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтыӊ шешуші кезеӊі басталғанын атап өтті. Ұлттық компанияныӊ басқарма төрағасыныӊ айтуынша, 1 қарашадан бастап барлық павильондар тапсырылуы тиіс.

"Астанада көптеген маӊызды халықаралық шаралар өткізілді, бірақ олар 2-3 күнге ғана жалғасатын. ЭКСПО көрмесі 93 күн бойы өтеді, және бұл қаланыӊ барлық инфрақұрылымына салмақ түсірмек, бәріміз де бұған дайын болуымыз керек", - деді А. Есімов.

ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру барысында атқарылатын жұмысты күшейтуге келісті, сондай-ақ, осындай жиындарды тұрақты түрде өткізетіндігін айтты.

Қосымша ақпарат алу үшін "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ Қоғаммен байланыстар департаментіне хабарласыӊыз

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны