17.07.2018, 22:33 13394

Елбасы "Павлодар мұнай химиясы зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанды индустрияландыру картасы аясында түбегейлі жаӊартылған әрі өндіріс үдерісі цифрландырылған Павлодар мұнай химиясы зауытыныӊ жұмысымен танысты

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстанды индустрияландыру картасы аясында түбегейлі жаӊартылған әрі өндіріс үдерісі цифрландырылған Павлодар мұнай химиясы зауытыныӊ жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне жаӊарту жұмыстары зауыттыӊ шикі мұнайды қайта өӊдеу өнімділігін арттыруға, өнім сапасын К-4 және К-5 стандарттарына дейін жеткізуге мүмкіндік бергені жөнінде мәлімделді. Изомеризациялаудыӊ жаӊа автоматтандырылған кешендері және орталық басқару пункті арқылы басқарылатын күкірт өндіретін қондырғылар салынды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда мұнай өндіру көлемініӊ артуына байланысты дайын өнім көлемін молайту үшін әрі оны ішкі және шетелдік нарықтарға шығару үшін халықаралық стандарттарға сай келетін мұнайдыӊ қайта өӊделуін мейлінше жақсартуды қолға алу қажеттігін айтты.

Елбасы Қазақстандағы мұнай өӊдейтін үш зауыттыӊ жаӊартылғанына қарамастан, төртінші зауыт салу қажеттігі туындап отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті зауыттыӊ жас жұмысшыларымен әӊгімелесу барысында Павлодар мұнай химиясы зауыты Кеӊес Одағы кезінде салынған зауыттардыӊ соӊғысы екенін айтып, оныӊ сол уақыттағы еӊ озық құрал-жабдықтармен жабдықталғанына тоқталды.

- Сіздер еӊ заманауи зауытта жұмыс істейсіздер. Мұнда өндірісті цифрландыру ісі қолға алынып, жаӊа технологиялар енгізілуде. Сіздер өндіріп жатқан өнімге деген сұраныс артып келеді, демек, сіздердіӊ де табыстарыӊыз молая түспек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жас мамандар Мемлекет басшысына "Болашақ" бағдарламасы арқылы әлемніӊ үздік жоғары оқу орындарында білім алуға және алған білімдерін өндірісте қолдануға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

"Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС-ныӊ жұртшылықпен байланыс бөлімі былай деп хабарлайды:

2018 жылғы 17 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Павлодар МХЗ жаӊғырту нәтижелерімен танысты.

Сапар барысында Елбасы жаӊа күкірт өндіру кешені, изомерлеу және сплиттер нафтасы қондырғысын, зауыттыӊ технологиялық үдерістері мониторингі және басқарудыӊ автоматтандырылған жүйесініӊ диспетчерлік пунктіне барды. ПМХЗ бас директоры Оспанбек Илсейітов іске асырылған жаӊғырту және кәсіпорынныӊ жыл басынан бері қол жеткізген өндірістік көрсеткіштері туралы баяндады.

Жаӊғырту жобасын іске асыру нәтижесінде 2017 жылғы желтоқсанда ПМХЗ екі жаӊа технологиялық кешен: изомерлеу және сплиттер нафтасы, күкірт өндіру қондырғылары кешендері салынып, пайдалануға берілді.

12 жаӊа жалпызауыттық шаруашылық нысан салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттар: мұнайды бастапқы және тереӊ өӊдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы қайта жаӊартылды. Жаӊғырту жобасыныӊ жалпы құны ҚҚС-ны есептемегенде 189,5 млрд. теӊгені құрады.

Барлық осы шаралар зауыттыӊ мұнай өӊдеу қуаттылығын 1 млн. тоннаға дейін, өӊдеу тереӊдігі 85% -ға, каталитикалық крекинг қондырғысыныӊ шикізат бойынша қуаттылығын 350 000 тоннадан бастап 1 868 мыӊ тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жобаны жүзеге асырғаннан кейін ПМХЗ К4 класты мотор отындарын: 013/2011 КО ТР Кеден одағыныӊ техникалық регламенттерініӊ талаптарына сәйкес АИ-92, 95 маркалы дизель отыны мен автокөлік бензинін шығаруды қамтамасыз етті, сондай-ақ реактивті отынды өндіруді қайта бастады.

Жаӊғырту және қайта жаӊарту жобасын іске асыру барысында ПМХЗ 67,3 мыӊ текше метр бетон құйылды, 19432 тонна металл конструкциялары жиналды, 209500 м. құбырлар, 17220 м. инженерлік желілер, 1567563 м электрлік және БӨА кабельдері тартылды, 806 бірлік технологиялық жабдықтар мен 5093 БӨА аспаптары орнатылды.

Павлодар мұнай өӊдеу зауытында цифрландыруға ерекше назар аударылып, технологиялық және бизнес-процестерді жүргізу әдістері де өзгерістерге ұшырады. 2016 жылдан Павлодар МӨЗ "Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сенімділікті мен механикалық тұтастықты қамтамасыз ету бойынша алдыӊғы қатарлы әлемдік тәжірибені енгізу тәжірибесі мен пайдаланудыӊ ұлғайтылған жөндеуаралық кезеӊіне көшу бойынша жұмыстар кешені" жобасы бастау алды.

Ол төрт бағдарламалық жасақтама жүйелерін енгізу арқылы жүзеге асырылады: ЖТҚЖ басқару жүйесі IBM MaxiMO, бақылауды және сенімділікті басқару Meridium APM, жабдықтардыӊ мониторингін басқару Uniformance Asset Sentinel, жабдықтардыӊ тоқтау есебін басқару Honeywell және Advanced Solutions.

2018 жылдан бастап SimSciSpiral ақпараттық жүйе негізінде оӊтайландыруды жоспарлау жүйесі жүзеге асырылуда, ал ПМХЗ-ныӊ 2019 жылға арналған жылдық өндірістік бағдарламасы кәсіпорынныӊ операциялық және инвестициялық шығындарын үнемдеуге және тұтастай алғанда, оны цифрлау тұжырымдамасына сәйкес жаӊа технологиялық деӊгейге көшіруге мүмкіндік беретін LP моделініӊ негізінде әзірленетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны