07.12.2017, 21:42 6688

Елбасы телекөпір барысында Шымкенттегі 20 миллион қорап дәрі шығаратын цехты іске қосты

Елбасы телекөпір барысында Шымкент қаласындағы "Химфарм" акционерлік қоғамыныӊ қатты дәрілер шығаратын цехын іске қосты. Жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды. Өнімніӊ 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда.

Шымкент. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы телекөпір барысында Шымкент қаласындағы "Химфарм" акционерлік қоғамыныӊ қатты дәрілер шығаратын цехын іске қосты. Жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды. Өнімніӊ 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда.

Қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда 72 адам жұмыспен қамтылса, олардыӊ басым бөлігі арнайы Polpharma тобыныӊ үздік өндіріс орындарында оқып келген. Бұл жоба - Шымкенттегі инвестициялық жобаныӊ маӊызды бір бөлігі болып табылады.

Компанияныӊ бас директоры Ижи Урбанец осымен төртінші цехтыӊ ашылып отырғанын жеткізді.

"Біз жалпы көлемі 108 млн доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Жаӊа цехты іске қосқаннан кейін біз экспорттық әлеуетімізді 5 млрд теӊгеге жеткізе аламыз. "Химфармныӊ" атынан фармацевтикалық саланы қолдап, инвесторларға ыӊғайлы жағдай жасағаныӊыз үшін алғыс айтамыз", - деді Урбанец.

Бүгінгі таӊда зауытта 1200-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді. Өндірістіӊ барлығы әлемдік сапа стандартына сай келеді. "Химфарм" АҚ жобалары Президенттіӊ фармацевтикалық саладағы отандық өндіріс үлесін арттыру тапсырмасымен индустриаландыру және жаһандық жаӊару бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Салалық GMP стандарына толық сай келетінін бұл цехта жылына түрлі дертті емдеуге арналған 20 миллионнан астам қорап дәрі шығарылады. Алдағы уақытта цех жылына 600 миллион таблетка шығаруды жоспарлап отыр. Оған мүмкіндігіміз толық жетеді дейді компания өкілдері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны