14.07.2014, 20:28 4879

Елімізде 8,6 млн адам жұмыспен қамтылған

Республика экономикасында 2014 жылғы маусымда бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды,- деп ҚР Статистика агенттігі хабарлады.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Республика экономикасында 2014 жылғы маусымда бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды,- деп ҚР Статистика агенттігі хабарлады.

Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 63,1 мың адамға немесе 0,7%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,0 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,8%) құрады.

"2014 жылғы II тоқсан алдын ала деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 70,0%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 30,0% құрады", - делінген хабарламада.

2014 жылғы маусымда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 459,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы маусым айының соңына 55,6 мың адам ("Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны