07.02.2024, 20:14 47561

Елімізде косметика өндірісі 6,1% өсті

Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 91,9 мың тонна өнім сатылды
Косметика өндірісі 6,1% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.

2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда 6,1 мың тонна парфюмерия және косметика өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% артық.

Бұл ретте аталған өнімдердің экспорты да өсті – 54,5%-ға. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 3,8 мың тонна косметика экспортталды.

Бұған қарамастан импорт өнімдерінің үлес салмағы әлі де басым – өнімнің 93,6% шетелден келеді. Өткен жылдың 11 айында 89,6 мың тонна өнім импортталған (өсім 36,4%).

Өткен жылдың 11 айында ішкі нарықта 91,9 мың тонна өнім сатылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 33,2% артық.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны