20.07.2007, 10:46 3186

Еліміздегі коммерциялық банктердің таза пайдасы мамырда 89,2%-ке өсті

АЛМАТЫ. 20 шілде. Kazakhstan Today. Еліміздегі коммерциялық банктердің таза пайдасы мамырда 92,7 млрд теңге болып, өткен жылғы көрсеткіштен 89,2%-ке өсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.

Сонымен бңірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, шығындан көлемі 504,7 млрд теңге болып, өткен жылғымен салыстырғанда 91,8%-ке өсті.

Банктердің жиынтық активтері мамырда 507,2 млрд теңгеге (5,3%) өсіп, 2007 жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен 10 100,3 млрд теңге болды. 2007 жылдың 1-шілдесінде банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы 1 385,0 млрд теңгеге жетіп, 2007 жылғы мамырда 44,9 млрд теңгеге, немесе, 3,4%-ке өсті.

Банктердің несиелік портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) сәуір айында 513,5 млрд теңгеге (7,3%), 7521,7 млрд теңгеге дейін өсті.

2007 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктердің кредиттік портфелінің құрылымында стандартты кредиттердің үлесі 46%, күмәнді - 52,8 %, үмітсіз - 1,2% болды. 2007 жылғы 1 мамырындағы жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі 46,7%, күмәнді - 51,9%, үмітсіз - 1,4% болды.

Банктердің заңды және жеке тұлғалардан (банктерді және халықаралық қаржы ұйымдарын қоспағанда) тартқан салымдарының жалпы сомасы өткен аймен салыстырғанда 7,1%-ға өсе отырып, 5948,6 млрд. теңге болды, заңды тұлғалардың салымдар сомасы 4661,4 млрд. теңге болды, ал жеке тұлғалар салымдарының сомасы ай ішінде 6,6%-ға өсе отырып, 1 287,2 млрд. теңгені құрады. Арнайы тағайындалған еншілес ұйымдардың салымдары ай ішінде 18,8%-ға ұлғайып, 2514,8 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,3%-ға өсіп, 2007 жылғы 1 маусымда 613,7 млрд. теңге болды.

2007 жылғы мамырда банк заңнамаларын бұзғаны үшін банктерге орындауға міндетті 6 ұйғарым шығарылды. 2007 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша сот шешімімен 13 банк мәжбүрлеп таратылу процесінде болып отыр.

Қазіргі жағдаймен республиканың банк секторында 33 екінші деңгейдегі банк, олардың 14-і шетелдің қатысуымен (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерінің 9 еншілес банкін қосқанда) қызмет етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны