02.07.2014, 20:06 1878

Елімізге келген шетелдік азаматтардың саны 11%-ға артты

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы елімізге келген шетелдік азаматтардың саны 6,8 млн-ды құрап, 2012 жылдың сәйкес уақытымен (2012 жылы 6,1 млн адам) салыстырғанда 11% жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы елімізге келген шетелдік азаматтардың саны 6,8 млн-ды құрап, 2012 жылдың сәйкес уақытымен (2012 жылы 6,1 млн адам) салыстырғанда 11% жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

2011-2013 жылдар аралығында Қазақстанға келген шетелдік азаматтардың саны 18,6 млн адамды құраса, соның ішінде 2011 жылы 5,6 млн. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 39%-ға жоғары (2010 жылы 4 млн адам). Ал 2012 жылы 6,1 млн, бұл 2011 жылға қарағанда 8,4% артық. 2013 жылы 6,8 млн адам, 2012 жылмен салыстырғанда 11% көп көрсеткіш, деп хабарлайды Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанға көбіне ТМД мемлекеттерінің азаматтары келетін көрінеді. Атап айтар болсақ, Өзбекстан (2,4 млн), Ресей Федерациясы (1,7 млн), Қырғызстан (1,3 млн).Алыс шетелдерден ҚХР (205 мың), Түркия (92 мың), Германия (75,4 тыс).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны