29.01.2008, 16:19 1878

Энергетика министрлігі қуатты үнемдеу жөніндегі мемлекеттік стандарттар әзірлеу үшін бюджеттен 200 млн теңге бөлуді сұрайды

Энергетика министрлігі қуатты үнемдеу жөніндегі мемлекеттік стандарттар әзірлеу үшін бюджеттен 200 млн теңге бөлуді сұрайды

Астана. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі қуатты үнемдеу жөніндегі мемлекеттік стандарттарын, құрылыс нормалары мен ережелерін әзірлеу үшін бюджеттен 200 млн теңге бөлуді сұрайды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қуатты үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін нормативтік база - мемлекеттік стандарттар, құрылыс нормаларын, ережелерін және тағы басқаларын әзірлеу қажет",- деді Сауат Мыңбаев.

"Бұлар іс жүзінде қазір шыға қоймаған ауқымды "талмудтар" және біз кәсіпорындар мен аймақтар бойынша шығарылатын өнім түрлерінің қуат сыйымдылығының нормативтерін қалай есептеу керектігін білмейміз. Қазірде біз тек макродеңгейде ғана есептей аламыз және де тек электр қуатының сыйымдылығын ғана санаймыз",- деп түсіндіріп өтті ол.

"Осы құжаттардың барлығын дайындау үшін институттар деңгейінде үлкен талдамалық жұмыстар жүргізу қажет. Бұл уақытты қажет етеді және бізге бір жылдай уақыт, сондай-ақ, 200 млн теңге қаржы керек - бұл шындығында үлкен қаржы емес, себебі аталмыш жұмысты ғылыми ұжымсыз жүзеге асыру мүмкін емес",- деп мәлім етті С. Мыңбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрінің пайымдауынша, елімізде қуатты үнемдеу саясатын жүзеге асыруға жауапты субъект анықталып, белгіленуге тиіс.

"Еуропалық қайта құру және даму банкінің осы мәселедегі ұстанымы Қазақстанда біздің барлық нақты ахуалды ескере отырып, қуатты үнемдеу жөніндегі жеке агенттік құруды көздейді, ал біздің пайымдауымызша, бұл шындық, мұны құлақ қағыс ету керек. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі келесі үлгіні ұсынады: қуатты қадағалау комитеті электр және жылу қуаты бойынша қуатты үнемдеуге жауап береді, ал облыстық әкімшіліктердің тиісті департаменттері - энергетикалық ресурстардың қалған түрлерін тиімді пайдалануға жауапты",- деп нақтылап өтті энергетика және минералды ресурстар министрі.

Осыған байланысты ол, "әкімшіліктердің осы департаменттеріне инспекциялық құқық берілуге тиіс, ол үшін заңнама базасын өзгерту керек" деп атап өтті. "Сөйтсе де Қазақстандағы қуат үнемдеу ахуалына жалпы мониторинг жүргізуді министрлікке қалдыруға болады",- деп түсіндірді С. Мыңбаев.

"Қолданыстағы "Қуатты үнемдеу туралы" заңға өзгертулер енгізбей және осы саладағы мемлекеттік бағдарламасыз қабылдау мүмкін емес тағы да бірнеше жүйелі шаралар бар",- деп хабарлады министр. Ол аймақтық қуат тарату компанияларының орны толтырылатын қуат көздерінен 10 - 15 пайызға дейін қуат сатып алуға міндетті екенін айғақтайтын квота жөнінде сөз болып отырғанын түсіндіре кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны