18.07.2008, 11:09 1358

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отырған мұнай компаниялары үшін экспорттық талаптарды күшейтеді (толықтырылған нұсқасы)

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отырған мұнай компаниялары үшін экспорттық талаптарды күшейтеді (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі өз міндеттемелерін орындамай отырған мұнай компаниялары үшін экспорт бойынша талаптарды күшейтеді. Бұл туралы мұнай өңдейтін компаниялардың өкілдерімен болған жиналыстан кейін журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мұнай ресурстарына қатысты айтарым, қазір ішкі нарыққа тасымалды айтарлықтай арттыру бойынша шешім қабылданды", - деп атап көрсетті министр.

"Біз бұл мәселені әкімшілік тұрғыдан жартылай реттейміз. Осыны істеуге мәжбүрміз. Егер (мұнай өңдейтін зауыттарға шикі мұнайды дер кезінде жеткізбеу бойынша - агенттік ескертпесі) қалыптасқан жағдай тез арада түзелмесе, таяу күндері ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі тапсырманы орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылар үшін шикі мұнай экспорты бойынша қосымша шектеулер қабылданады", - деп мәлімдеді С. Мыңбаев.

Жанармай бағасының қымбаттау себептері жөніндегі сауалдарға жауап берген министр объективтік және субъективтік себептер барлығын атап өтті. "Объективті себептерге дүниежүзі мен көрші елдердегі жалпы динамика, сондай-ақ, мұнай өнімдерінің жалпы тұтыну көлемінің артуы жатқызылады. Оның үстіне, мұнай өңдеу зауыттарында жөндеу жұмыстары жүргізілді", - деп түсіндірді ол.

"Субъективтік себептер де бар. Бұл - мұнай өңдеу зауыттарын толтыру кестесі бұзылып, Ресейден Атырау мұнай өңдеу зауытына шикі мұнайды жеткізу көлемінің толық орындалмауынан жетіспеушілік туындады", - деді С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны