29.12.2007, 17:39 2856

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "Н" жобасы бойынша өзара өнім бөлу туралы келісім шартқа қол қойды

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "Н" жобасы бойынша өзара өнім бөлу туралы келісім шартқа қол қойды

Астана. 29-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 29-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "Н" жобасы бойынша өзара өнім бөлу туралы келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнім бөлу туралы келісім шартымен "Н" учаскесі бойынша жер астын пайдалануға келісім шарт жасау мақсатындағы келіссөздер 2004 жылдың аяғында басталған болатын.

2005 жылдың ортасында Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өнім бөлу туралы келісім шартымен "Н" учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі шарттары "Нұрсұлтан" және "Ракушечное-море" құрылымдарында экологиялық жұмыстар мен екі барлау ұңғысын бұрғылау кешенін жүргізуді қарастыратын бонус пен жұмыс бағдарламысы (міндетті көлем) болып табылады.

Өнімді бөлу туралы келісім шарт сондай-ақ әлеуметтік жобаларға, қазақстандық мамандарды оқытуға қаржы бөлуді, бұрындары келісім-шарт аумағының аясыда бұрғыданған ұңғыларды балансқа алуды және мониторинг жүргізуді ұйымдастыруды қарастырады.

Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "Н" жобасын жүзеге асыруға барлау және бағалау кезеңдерінде өз бетінше қатыса алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны