27.11.2012, 17:32 3182

ЕО пен ХВҚ Грекияға 43,7 млрд еуро көлемінде көмек көрсетеді

Еуроаймақ қаржы министрлері мен Халықаралық валюта қоры Грекияға 2020 жылға дейін 43,7 млрд еуро көлемінде қаржы бөлуге келісімге келді, деп хабарлайды Agence France-Presse Еуропалық орталық банк президенті Марио Драгиге (Mario Draghi) сілтеме жасап.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - ЕО пен ХВҚ Грекияға 43,7 млрд еуро көлемінде көмек көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуроаймақ қаржы министрлері мен Халықаралық валюта қоры Грекияға 2020 жылға дейін 43,7 млрд еуро көлемінде қаржы бөлуге келісімге келді, деп хабарлайды Agence France-Presse Еуропалық орталық банк президенті Марио Драгиге (Mario Draghi) сілтеме жасап.

Банкирдің сөзіне қарағанда, бұл Еуропа мен Грекияда қалыптасып отырған жағдайды жақсартуға және өзара сенімнің нығаюына ықпал етпек. Көрсетілген қаржы Грекияға бірден бөлінетін болады, деп көрсетеді Лента.Ру.

Агенттік дереккөздерінің айтуынша, Грекияның мемлекеттік қарыз көлемін азайту бағытында қадам жасауынан осындай көмек беріліп отыр. Қазір Грекия мемлекеттік қарызы елдің ЖІӨ көлемінің 144%-на тең. 2020 жылға қарай ол 120% дейін қысқаруы тиіс.

ЕО мен ХВҚ соңғы екі жылдан бері дағдарыстан шыға алмай отырған Грекияға көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Дегенмен Афинаға қаржыны үнемдеп, мемлекеттік шығыс көлемін азайту қатаң тапсырылды.

Шығыстар көлемін азайту жоспарына халық наразылық танытып, жиі жиі қарсылық акциясын ұйымдастыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны