14.05.2009, 15:11 2655

Есеп комитеті 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті парламентке ұсынды

Есеп комитеті 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті парламентке ұсынды

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті үкіметтің есебі бойынша қорытынды болып табылатын 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ҚР парламентіне ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші бөлімде республикалық бюджеттің "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңның бюджет жүйесінің принциптеріне сай атқарылуы бағаланды. Сонымен бірге, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары, сондай-ақ экономикалық және қаржылық жүйелерді тұрақтандыру бойынша үкіметтің, Ұлттық банк пен ҚБА бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі бюджеттік қаржы көлемі жайлы ақпараттар көрініс тапқан.

Республикалық бюджетке түскен қаржы түсімдерінің көлемі мен қарқынын, сондай-ақ салықтық, кедендік және басқа төлемдердің толық әрі уақтылы түсуін талдау, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бағалау жөніндегі тексеру нәтижелері екінші бөлімде берілген.

Үшінші бөлім республикалық бюджеттің шығыс бөлігіндегі негізгі параметрлердің атқарылу нәтижелерін, бағдарламалық құжаттардың іске асырылу тиімділігіне берілген бағалауды, пилоттық жобалардың құрамына кірген министрліктердің стратегиялық жоспарларын іске асыру кезінде бюджеттік бағдарламалардың орындалуының қорытындысын, сондай-ақ трансферттердің пайдаланылуын қамтиды.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданып жатқан шараларының маңыздылығын ескере отырып, төртінші бөлімде экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалану тиімділігі бағаланып талдау жасалған, оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге бағытталған қаражаттың пайдалану тиімділігіне баға берілген.

Бесінші бөлімде Есеп комитетінің есепті кезеңдегі қызметінің қорытындысы беріліп, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына, ұсынымдардың орындалуына баға берілген, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссияларымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдар туралы ақпарат келтірілген.

Есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуына қатысты тұжырымдары, әлемді жайлаған экономикалық қаржы дағдарысы жағдайында қаржылық тәртіпті жақсартуға, мемлекеттің материалдық және қаржы активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстары алтыншы бөлімде қамтылған.

Есеп комитеті Бюджет кодексінің 141-бабына сәйкес, өзіндік мазмұны жағынан үкіметтің есебі бойынша қорытынды болып табылатын 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен қаржылық жыл есебін 15 мамырға дейін ҚР парламентіне ұсынады.

ҚР Конституцияның 53-бабына сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысында үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуы туралы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есебін бекітеді.

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны