24.10.2007, 14:52 3465

Есеп комитеті автожолдардар саласын дамыту жөніндегі 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру барысында Көлік және коммуникация министрлігінің жол берген заң бұзушылықтарын анықтады

Есеп комитеті автожолдардар саласын дамыту жөніндегі 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру барысында Көлік және коммуникация министрлігінің жол берген заң бұзушылықтарын анықтады.

Астана. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті 2006 - 2012 жылдарға арналған автожолдар саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында Көлік және коммуникация министрлігінің жол берген заң бұзушылықтарын анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

"2006 - 2012 жылдарға арналған автожолдар саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында жекелеген іс-шаралар орындалмаған",- деп атап көрсетілген Есеп комитетінің кеше таратқан баспасөз баянында. Атап айтқанда, мекеменің хабарлауынша, "министрлік жол салудың жаңа технологиялары мен жол құрылысының материалдарына сынақ жүргізу орталығын құрмаған. Республикалық маңызы бар 171 шақырым қашықтықтағы жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізбеген".

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға арналған автожолдарды дамыту бағдарламасының басым жобаларының тізіміне "Южный обход" айналма жолы мен Риддер мен РФ Алтай республикасының шекарасы арасын қосқан жол нысандары енгізілмеген.

"Окан Холдинг/Исот" ЖШС пен "Илан" ЖАҚ мердігерлік ұйымдарында ISO 9000 сапаны басқарудың халықаралық сетификаты болмаған.

Қарабатан - Доссор учаскесінде битумның қымбаттауына байланысты "Тодини Конструкциони Дженерали" компаниясының көрсетітін қызметіне артық ақы төленген. Астана Петропавловск көлік жолының Астана - Щучинск учаскесінде жол салу барысындағы жұмыс сапасыз орындалған.

Сонымен қатар, Есеп комитеті Алматы қаласының жолаушылар көлігі және көлік жолдары департаментінің жұмысында да заң бұзушылықтардың орын алғандығын анықтады. Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Бөкейхан көшесінің қиылысындағы жол тораптарының құрылысына бөлінген бюджеттік қаржы "Трансстроймост" АҚ Рысқұлав даңғылы - Сейфулин даңғылы - Жансүгүров көшесінің қиылысындағы жол тараптарын салу барысында жер телімдерін тәркілеуге қатысты өтемақы "Трансстроймост"АҚ-ына негізсіз төленген.

Осыған байланысты Есеп комитеті Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға арналған автожолдарды дамыту бағдарламасында қарастырылған іс-шаралардың дер кезінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді нұсқады. Есеп комитеті сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларын қабылдап, бюджеттік заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз ете алмаған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды ұсынады. Сондай-ақ республикалық бюджет және сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мерзімін 18 айға дейін қысқарту ұсынылады. "Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдардың қымбаттауына байланысты шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді",- деген ұсыныс айтады комитеттегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны