19.05.2016, 16:02 3748

Есеп комитеті: ҚР Үкіметі бюджеттіӊ жоспарлы параметрлері мен шығыстары бойынша міндеттемелерді орындады

ҚР Үкіметі 2015 жылғы республикалық бюджеттіӊ түсімдері бойынша нақтыланған жоспарлы параметрлер мен шығыстар бойынша міндеттемелерді орындады, деп мәлімдеді Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ қорытындысы туралы баяндаған комитет мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі 2015 жылғы республикалық бюджеттіӊ түсімдері бойынша нақтыланған жоспарлы параметрлер мен шығыстар бойынша міндеттемелерді орындады, деп мәлімдеді Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ қорытындысы туралы баяндаған комитет мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ бағалауымыз бойынша, жалпы алғанда, ҚР Үкіметі 2015 жылғы республикалық бюджеттіӊ түсімдері бойынша нақтыланған жоспарлы параметрлер мен шығыстар бойынша міндеттемелерді орындаған", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінде Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ қорытындысы туралы баяндаған комитет мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол 2015 жылдыӊ соӊында жүргізілген нақтылаулар мен түзетулерге қарамастан, бюджеттіӊ игерілмеген қаражаты 7,8 млрд теӊгені құрап отырғанын айтты.

"Былтырғы жылдыӊ соӊына таман артық қарыз алынғандықтан 2014 жылмен салыстырғанда айтарлықтай асып, 264,4 млрд теӊге сомасындағы бюджет қаражаты қалдық қалыптасты. Бұған қоса, 2015 жылға белгіленген 8,2 триллион теӊге көлемінде Үкіметтік борыш лимиті 464,7 млрд теӊгеге асып кеткен", - деді Есеп комитетініӊ мүшесі.

Оныӊ сөзіне қарағанда, Үкімет игерілмеген сомаларды есепке ала отырып, 2015 жылы тиімсіз пайдаланылған қаражатты 232, 2 млрд теӊге шамасында көрсеткен. "Алайда, біздіӊ бағалауымызша бұл 227 млрд теӊгеге артық және 2015 жылы тиімсіз игерілген қаражат 459 млрд теӊге болып табылады", - дей келе Есеп комитетініӊ мүшесі айырманыӊ қалай қалыптасқанын да түсіндірді.

Оныӊ айтуынша, тиімсіз пайдаланылған қаражат аясында Есеп комитеті мен Тексеру комиссиялары анықтаған 200 млрд теӊгеге жуық қаржылық бұзушылықтар қосылған. Оған қоса тиімсіз қаражатқа квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ 76,5 млрд теӊге сомасындағы қалдығы да қамтылып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны