02.04.2009, 16:59 3317

Есеп комитеті мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларына тартылған екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағаламақ ниетте

Есеп комитеті мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларына тартылған екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағаламақ ниетте

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларына тартылған екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағаламақ ниетте. Бұл туралы бүгін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Алтай Зейнелғабдин мекеменің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күні Есеп комитеті экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шараларға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға банк-агенттер ретінде тартылған екінші деңгейлі банктерді тексере алмайды", - деді А. Зейнелғабин.

Осыған байланысты мекеме "Есеп комитеті мен Қаржылық бақылау агенттігінің ықпалдастығы туралы меморандумның жобасы жасалған, онда ақпарат пен есептерді жүйелі алмасып отыру, бюджет қаржысын алушылардың, соның ішінде банктердің қызметін бақылау және қадағалау мәселелері бойынша бірлескен жиында өткізіп отыру қарастырылған", - деді ол.

Оның айтуынша, "Есеп комитеті бақылау шараларын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, мемлекет холдингтердің, мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдардың әкімшілік шығындарына, қаржыны орынды пайдалануына, атап айтсақ, жалақы шығындары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығындарына баса назар аударатын болады".

Есеп комитеті мүшесінің бағалауынша, "жекелеген мемлекеттік органдардың қоймаларында ауқымды тауарлық-материалдық құндылықтар бола тұра, бюджеттерінде оларды сатып алуға қаржы қарастырады. Бұл мәселе баршаның назарында болуға тиіс", - деді А. Зейнелғабдин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны