18.07.2008, 19:42 2619

Есеп комитеті мен Бәсекелестікті қорғау агенттігі қаржылық тәртіпті жақсарту мақсатында ынтымақтаса жұмыс істейтін болады

Есеп комитеті мен Бәсекелестікті қорғау агенттігі қаржылық тәртіпті жақсарту мақсатында ынтымақтаса жұмыс істейтін болады

Астана. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті мен Бәсекелестікті қорғау агенттігі бюджет алушылардың қаржылық тәртіптерін жақсарту, сондай-ақ, республикадағы бәсекелестікті дамыту мен қорғау мәселелері жөнінде ынтымақтаса жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Республикалық бюджет қаражаттарын орындаудың тиімділігін арттыру және Бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарған арналған бағдарламасын іске асыру үшін Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев және Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мажит Есенбаев бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес, аталған ведомстволар уақтылы және толық көлемде монополияға қарсы және бюджеттік заңнама саласындағы заң бұзушылық туралы ақпараттармен алмасатын болады. Сондай-ақ, олар нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың бюджеттік және монополияға қарсы заңнаманы сақтау мәселелері жөнінде бірлескен бақылау іс-шараларын өткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, тараптар қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде ынтымақтаса жұмыс істеуге дайындалуда.

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны