15.04.2019, 00:06 17342

Есеп комитетінде республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша кезекті отырыс өтті

Есеп комитетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне және Әкімшілік полиция комитетіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы жасалды.

Нұр-Сұлтан. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Есеп комитетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне және Әкімшілік полиция комитетіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы жасалды.

Министрлік тарапынан қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстық-атқару жүйесі саласында жұмыс жасалып жатқаны атап өтілді.

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде 2016-2018 жылдар аралығында "түрмеде отырғандардың" 13,2%-ға төмендеу үрдісі байқалады. Қылмыстық-атқару жүйесікомитеті бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметке қосудың ұлттық жүйесін құру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінде жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша стратегиялық және операциялық жоспарлардың, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын жоспарлау, іске асыру және бақылау бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығы атап өтілді.

Соңғы 6 жылда жол жүруқауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Ішкі істер министрлігінің Стратегиялық жоспарындағы жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандардың санын азайту жөніндегі нысаналы индикаторы жақсармай отыр. Бұл ретте,адамдар өлімінің басты себептерінің бірі жылдамдықты арттыру болып табылады. Осылайша, аталған себептерге байланысты 2018 жылы жол-көлік оқиғаларының 28,7%-ы адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкеп соққан.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндесотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Соңғы 2 жылда жұмыспен қамту көрсеткіштерінің нашар болу себептерінің бірі -қылмыстық-атқару жүйесіндегі "Еңбек" кәсіпорындарында жұмыс істейтін сотталғандар санының төмендеуі.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша оқудан өткен сотталғандардың негізгі бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспаған.

Бұған қоса жалпы сомасы 338,6 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстық-атқару жүйесі саласында жүйелік кемшіліктер анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Есеп комитеті анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, бюджет және өзге де заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша тапсырмалар берді.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органға процестік шешім қабылдау үшін мемлекеттік аудит туралы заңнама бұзушылықтарының 3 фактісі бойынша мемлекеттің аудиттің материалдары жіберілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны