05.12.2012, 14:42 3026

"Евразия банкі" АҚ өтініші негізінде қазақстандық банкаралық KazPrime депозиті индикаторын қалыптастыру туралы келісімге қатысушы мәртебесін алды

"Евразия банкі" АҚ осы мәртебеге барлық қатысушыларының сауалнамасы қорытындысы негізінде Келісімнің шарттарына сәйкес ие болды.

Алматы. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Евразия банкі" АҚ өтініші негізінде қазақстандық банкаралық KazPrime депозиті индикаторын қалыптастыру туралы келісімге қатысушы мәртебесін алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Евразия банкі" АҚ осы мәртебеге барлық қатысушыларының сауалнамасы қорытындысы негізінде Келісімнің шарттарына сәйкес ие болды.

"Евразия банкі" АҚ KASE сауда-саттық жүйесінде қазақстандық банкаралық KazPrime депозиті индикаторын қалыптастыруға қатысушы ретінде баға белгілеуге рұқсат 2012 жылдың 06 желтоқсанынан бастап берілді.

KazPrime индикаторы қазақстандық несие сапасы жақсы банктер арасындағы банкаралық депозит нарығының қаржыны (қазақстандық теңге) орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәнін көрсетеді.

Индикаторды есептеу биржада күн сайын келісімге қатысушылардың KASE сауда-саттық жүйесіне алматы уақытымен сағат 10:00-ден 11:30-ға дейін ұсынатын баға белгілеулері бойынша жүргізіледі.

Ирбір баға белгілеу келсімге қатысушылардың бірінің депозитке ақша орналастыру және тарту мөлшерлемесін белгілеу арқылы жүргізіледі. Баға белгілеудің ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.

Келісімге қатысушылар "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" АҚ, "АТФБанк" АҚ, "RBS еншілес банкі" АҚ (Kazakhstan)", "Казкоммерцбанк" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Евразиялық банк" АҚ болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны