20.06.2014, 20:21 3169

Фермерлер 50% субсидиямен мемлекеттен ЖЭК құрылғыларын ала алады - А.Соспанова

Жалпы, заң жобасын іске асырудың бірінші кезеңінде республикалық бюджеттен 71 млн теңге бөліну қарастырылған. Олар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. ҚР "Жаңартылмалы энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" заң жобасына сай мемлекет ЖЭК пайдалану құрылғылары құнының 50 пайызы көлеміндегі субсидияны жеке кәсіпкерлерге адрестік көмек ретінде ұсынады. Бұл туралы бүгін Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің "жасыл" технология және инвестиция тарту департаментінің директоры Айнұр Соспанова "Жасыл экономика" бағыты бойынша жұмыс тобының отырысында мәлімдеді.

"Бүгін сараптамалық топпен біз электр энергиясына қолы жетпейтін және жаңартылмалы қуат көздерінің қондырғысын орнатуға да мүмкіндіктері жоқ ауылдық жерлердегі халыққа мемлекет тарапынан қондырғының 50 пайызын субсидия түрінде беруді талқыладық", - дейді А.Соспанова.

Оның айтуынша, бүгінде шамамен 70 елді мекен мен 1200-дей шаруашылық электр қуатынсыз отыр.

"Биыл қаражат бөлінді. Енді біз Үкіметтің қаулысында тұрған адрестік көмек көрсету ережелерін дайындаудамыз. Алдағы күндері ол дайын болып, осының аясында заң нормасының қалай жұмыс істейтінін тексеретін боламыз", - дейді.

Оның пікірінше, қарапайым халық қазақстандық өндірістегі 5 киловаттан аспайтын ЖЭК құрылғысын өз қаражатына ала алады.

"Егер ол электрмен қамтамасыз етілмеген аумақта болса, ол 50 пайыздық субсидияны мемлекеттен алуға мүмкіндік ала алады. Аталмыш жарты бағаның қаражаты құрылғыны кісі орнатқаннан кейін беріледі. Одан кейінгі мәселелер аудандық әкімдіктермен шешіледі", - дейді А.Соспанова.

Жалпы, заң жобасын іске асырудың бірінші кезеңінде республикалық бюджеттен 71 млн теңге бөліну қарастырылған. Олар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны