09.11.2007, 17:01 3395

Финляндия Қазақстанмен ынтымақтастықтан мүдделі

Финляндия Қазақстанмен ынтымақтастықтан мүдделі. Бұл туралы Финляндия Республикасының Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мария-Лииза Килунен Маңғыстау облысына жасаған таныстық сапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік.

Ақтау. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Финляндия Қазақстанмен ынтымақтастықтан мүдделі. Бұл туралы Финляндия Республикасының Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мария-Лииза Килунен Маңғыстау облысына жасаған таныстық сапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік.

Сапар аясында М.-Л. Килунен Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Михаил Бортникпен кездесті. Бұған қоса Маңғыстау облысында жұмыс істейтін мұнайгаз және сервистік компаниялардың басшыларымен кездесулер өтті.

Кездесуде М.-Л. Килунен өзін өңір экономикасы мен тыныс-тіршілігінің барлық салалары қызықтыратынын жеткізді. "Илем өзгере түсуде. Бүгінде Орталық Азия саяси және экономикалық тұрғыдан Еуропалық Одақ үшін маңызды өңірлердің бірі. Атап айтсақ, Маңғыстаудың мұнайлы өңірі Еуропалық Одақ үшін үлкен қызығушылық тудыруда", - деді М.-Л. Килунен.

Оның айтуынша, фин компаниялары Маңғыстау облысының дамуына өз инвестицияларын жұмсай алады және жоғары технологияларды қолдана отырып өндірістер құруға қолұшын берумен бірге өздерінің ноу-хау жобаларымен бөлісе алады.

Финляндия жағы мұнайгаз жобаларына да, соның ішінде Ақтау - Баку - Тбилиси - Жейхан бағыты бойынша мұнай тасымалдау жобаларына қызығушылық танытып отыр. "Еуропалық Одақ түрлі бағыттарда жаңа энергетикалық маршруттарды дамытудан мүдделі", - деді М.-Л. Килунен.

Бұған қоса, қонақтың айтуынша, Маңғыстау облысының туристік әлеуметі де үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл тұрғыда да финляндия жағы мәселен, инфрақұрылымды салуға атсалысуға дайын.

М.-Л. Килуненнің айтуынша, Финляндия қоршаған ортаны қорғау саласында да айтарлықтай табыстарға қол жеткізген. Ал Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің игерілуіне байланысты финляндиялық компаниялар өзінің озық технологияларымен бөлісуге дайын. "Біз өз білімімізді Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтау саласында пайдалана алар едік", - деді М.-Л. Килунен.

Ол сонымен қатар скандинавия елдері шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ынтымақтастықтың үлкен тәжірибесін жинақтаған деп атап өтті. Финляндиялық компаниялар Қазақстандықтарға қазандықтар мен генераторларды модернизациялау, қуат үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі қызметтерін ұсына алады.

"Біздің компаниялар Маңғыстау өңірінің түрлі экономикалық салаларында бірлескен кәсіпорындар құруға әзір. Біз білім беру, студенттер алмасу және маман дайындау салаларында ынтымақтастық орната бастауды ұсынамыз",- деді М.-Л. Килунен.

Бүгінде Қазақстанда Финляндияның 31 компаниясы жұмыс істеуде. Бұған қоса елімізде екі банктің өкілдігін ашу межеленген.

Маңғыстау облысына сапарының бағдарламасы аясында М.-Л. Килунен Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағында да болды. Сапар кезінде "Фин ПРО" сауда өкілдігінің директоры Жәния Иділбек онымен бірге жүрді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны