10.08.2012, 16:07 2959

Fitch АТФБанкінің облигацияларын "BBB" деңгейінде тағайындады

Бес жылдық облигациялардың колл-опционы үш жылдан соң. Шығарылым бойынша тиянақталған мөлшерлемесі жылдық 7% жарты жылдық купон қарастырылған.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Fitch Ratings АТФБанктің, көлемі 15 млрд. теңге, бес жылдық басымдық қамтамасыз етілмеген облигацияларына ұлттық валютамен ұзақ мерзімді рейтингті "BBB" деңгейінде және ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін "AA+(kaz)" деңгейінде растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бес жылдық облигациялардың колл-опционы үш жылдан соң. Шығарылым бойынша тиянақталған мөлшерлемесі жылдық 7% жарты жылдық купон қарастырылған. Облигацияның шарттарында бақылаудың өзгеруі туралы қағида бар, соның негізінде, UniCredit Bank Austria AG ("UCA") банктің мажориттік пакетін бақылауды тоқтатқан жағдайда ұстаушылар өздерінің облигацияларын мерзімнен бұрын өтелуін талап етуге құқық алады. Осы кезде UCA 99,74% тиесілі.

2012 жылдың 1 шілдесіне АТФБанк Қазақстанның ең ірі банктерінің бесіншісі болып мойындалды, банктік жүйе активтерінің 6,9% оның үлесінде. Банк, ең бастысы, еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан, корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізедіами. АТФБанктің түпкі меншіктенушісі UniCredit S.p.A болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны