04.08.2020, 23:37 6054

ForteBank Kassa Nova банкінің 100% акциясын сату туралы шартқа қол қойды

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауын және басқа да қажетті рұқсаттарды алған соң мәмілені 2020 жылдың соңына дейін жабу жоспарлануда.

Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - ForteBank Kassa Nova банкінің 100% акциясын сату туралы шартқа қол қойды.

ForteBank Kassa Nova банкінің 100% акциясын ФРИДОМ ФИНАНС инвестициялық компаниясына сату туралы шартқа қол қойғандығын жариялады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауын және басқа да қажетті рұқсаттарды алған соң мәмілені 2020 жылдың соңына дейін жабу жоспарлануда.

"Kassa Nova банкін құру, оны ретімен тұрақты әрі табысты қаржы институты етіп дамыту және сату экономикалық тұрғыдан оңай емес кезеңнің өзінде өзінің тиімділігін көрсеткен дұрыс бизнес стратегияны жүзеге асырудың классикалық үлгісі болып табылады. Бұл мәміле туралы хабарлау Банктің жақсы әлеуетті өсімімен, тұрақтылығы мен сенімділігін растайды. Kassa Nova банкі өз клиенттеріне жоғары сапалы қызметтер көрсете отырып, өз жұмысын жалғастырады", - деп мәлімдеді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

Kassa Nova банкі шағын және орта бизнес секторында сапалы қаржылық қызметтер көрсетумен айналысатын өз бетінше тұрақты, жақсы капиталдандырылған, ора мөлшердегі банк болып табылады. Соңғы бірнеше жылда Kassa Nova банкі өзінің қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай нығайтып алды, өнімдер желісін кеңейтті және қызмет көрсету сапасын жоғарылатты.

"10 жылдың ішінде Kassa Nova банкі акционердің қолдауының және мамандар командасының тәртіптелген жұмысының арқасында бизнестің барлық бағыты бойынша айтарлықтай нәтижеге жетті. Дамудың жаңа сатысы еліміздің банктік секторында оның позициясын одан әрі нығайтуға және клиенттерімізге жаңа инвестициялық өнімдер мен сервистерді ұсынуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді Kassa Nova банкінің басқарма төрағасы Шолпан Нурумбет.

"ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ Қазақстан, Ресей және Украинаны қоса алғанда 7 елде клиенттерге қаржылық қызметтер көрсететін Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Freedom Holding Corp. акциялары размещены Nasdaq Capital Market-те, Қазақстан қор биржасында және Санкт-Петербург биржасында орналастырылған. Freedom Holding Corp. нарықтық капиталдандырылуы 2020 жылғы 31 шілдедегі жағдайы бойынша 1,13 млрд АҚШ долларын құрады.

"Freedom Holding Corp. холдинг бар елдің барлығында халыққа қаржылық қызметтің кең спектрін көрсету үшін қажетті қаржы институттары болсын деген стратегиясын жүзеге асыруға нақты келе жатыр. "Банк Kassa Nova" АҚ-ны сатып алу оны клиенттер үшін барынша ыңғайлы әрі технологиялық етуге мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда заманауи инвестициялық банктік сервисі бар банк құруды жоспарлаудамыз", - деді Fredom Holding Corp. басқарма төрағасы Тимур Турлов.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны