16.07.2013, 13:48 5647

Францияның экономикалық жағдайы нашарлауда

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Францияның несие рейтингін "ААА" деңгейінен "АА+" деңгейіне төмендетті деп хабарлады.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Францияның экономикалық жағдайы нашарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Францияның несие рейтингін "ААА" деңгейінен "АА+" деңгейіне төмендетті деп хабарлады.

Бұған еуроаймақтағы қаржы дағдарысының салдарынан елдегі тұрақсыз экономика көрсеткіштері себеп. Рейтинг бойынша болжам "тұрақты". Fitch Францияның несие рейтингін ең жоғарғы деңгейден төмен түсіріп отырған жалғыз агенттік. Франция билігі осы жылы фроанцуздық экономика 0,1 пайыз өсімге ие болады деп болжап отыр. Ал Еурокомиссия керісінше 0,1 пайызға қысқарады дегенді алға тартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны