22.06.2012, 12:05 4680

GPS-навигацияның көмегімен егін шаруашылығын жобалау егіннің шығымын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді

Бизнес-инкубация бағдарламасының аясында егін шығымын 40 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияны енгізу жобасы іске асырылуда, - деп хабарлады өнертапқыш, Қазақтың С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті техникалық факультетінің деканы Саяхат Нүкешев Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - GPS-навигацияның көмегімен егін шаруашылығын жобалау егіннің шығымын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бизнес-инкубация бағдарламасының аясында егін шығымын 40 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияны енгізу жобасы іске асырылуда, - деп хабарлады өнертапқыш, Қазақтың С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті техникалық факультетінің деканы Саяхат Нүкешев Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Нақты егін шаруашылығының ерекшелігі сол, минералдық тыңайтқыштар топыраққа оңтайлы және саралап енгізіледі, сонда топырақ минералдық элементтерге "тұншықпайды". Ол үшін топырақтарға жасалған талдаудың негізінде GPS-карталар жасалады. Топырақтың құрамы, тығыздығы және координаты туралы мәліметтер компьютерге енгізіледі де, соның негізінде егістік картасы жасалады. Минералдық тыңайтқыштар сол картаның негізінде топыраққа себіледі.

"Бұл жаңа технологияда топырақтағы әрбір қоректендіруші элемент ескеріледі. Топыраққа жасалған талдаудың негізінде GPS немесе ГЛОНАСС жүйелерінің форматында карта жасалады. Сол электрондық карта бойынша тыңайтқыштар топыраққа енгізіледі. Бұл технологияның арқасында минералдық тыңайтқыштарды 30-50 пайызға дейін үнемдеу мүмкіндігі туады",- дейді жоба авторларының бірі Саяхат Нүкешев.

Ғалымның айтуынша, минералдық тыңайтқышты үнемдеу өз кезегінде топыраққа түсетін агрохимиялық "салмақты" азайтуға сеп болады, соның нәтижесінде келешекте топырақ ресурстары сапалық және тиімді негізде пайдаланылатын болады.

Бұл әдістемені қолдану үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің техникалық факультетінде минералдық тыңайтқыштарды саралап себуге арналған культиватор техникасы жасалып отыр. Бұл техника минерал себумен қоса, егін егу машинасының да қызметін атқара алады.

Айта кету керек, ТМД кеңістігінде әзірге мұндай техника жоқ. Университет ғалымдары жасаған культиватор сынақ қорытындысы бойынша өзінің тиімділігін көрсете алды. GPS жүйесімен басқарылатын әмбебап машина егіннің шығымдылығын 35-40 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Саяхат Нүкешевтің айтуынша, "бұл техниканы сериялық өндіріске шығару ауыл шаруашылығы саласының да, машина жасау индустриясының да деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін болады".

Технологиялық бизнес-инкубация бағдарламасын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2010 жылы іске асыра бастады. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау тетіктерінің бірі болып табылатын бағдарламаның операторы - "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ.

2011 жылы бағдарламаға қатысуға 209 өтініш беріліп, соның ішінде технологиялық бизнес инкубация үшін 40 жоба іріктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны