02.06.2006, 13:36 3114

Грузияның экономикалық даму министрі қазақстандық инвесторлар Боржоми шипажай саласы нысандарын жекешелендіруге атсалысады деп сенеді

АСТАНА. 2-маусым. Kazakhstan Today. Грузия қазақстандық инвесторлар Боржоми дауажай саласы нысандарын жекешелендіруге атсалысады деп сенеді. Бұл туралы бүгін Астанада “Кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер” атты Қазақстан-Грузия бизнес-форумы барысында Грузияның экономикалық даму министрі Иракли Чоговадзе мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Туризм саласында біз шипажай саласының көптеген нысандарын жекешелендірмекпіз”,- деді И.Чоговадзе. Оның айтуынша, қазір Грузия үкіметі қазақстандық инвесторларға Боржомидегі шипажайларды таныстыруда.
“Туризм саласында Қазақстан қазірдің өзінде Грузия нарығындағы №1 инвесторға айналды”,- деп атап өткен ол Грузиядағы туризм саласы - “аса қызғылықты әрі әлі бағалана қоймаған сала”, деді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны