19.03.2012, 16:25 3698

Халықаралық сарапшылар Қазақстанға қатты тұрмыс қалдықтарын басқару секторын дамыту жүйесін әзірлеуге көмектеседі

Үкімет қатты тұрмыс қалдықтарын басқару саласын кешенді дамыту жүйесін әзірлеу мақсатында халықаралық сарапшыларды шақырды. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Халықаралық сарапшылар Қазақстанға қатты тұрмыс қалдықтарын басқару секторын дамыту жүйесін әзірлеуге көмектеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, үкімет қатты тұрмыс қалдықтарын басқару саласын кешенді дамыту жүйесін әзірлеу мақсатында халықаралық сарапшыларды шақырды. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

"Биыл біз қалдықтарды басқару саласында ТЭН әзірлеу жөнінде еліміздегі 8 қаладан тапсырыс алдық. Біздің есебімізше, 2020 жылға дейін 41 қалада қатты тұрмыс қалдықтарын басқару саласын кешенді дамыту жүйесін іске қосуымыз керек. Ол үшін біз еуропалық және бүкіләлемдік банктерден консультанттар шақырдық", - деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен "үкімет сағатында".

Агенттік төрағасының айтуынша, қазіргі кезде "бірде бір облыс орталығында, бірде бір қалада өндіріс қалдықтарын өңдейтін жүйе құрылмаған".

Қазір Маңғыстау әкімдігі ЕҚДБ-мен бірлесе отырып, Ақтау қаласында қалдықтарды басқарудың "нобайлы" жобасын жүзеге асыруға кірісіп те кетті, деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны