01.10.2012, 18:01 3167

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытуға гранттық көмек көрсетеді

Бұл туралы бүгін Астанада өткен 3-ші Қазақстан Ислам қаржыландыру конференциясында Қазақстан Ислам қаржы дамыту ассоциациясының төрағасы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің экономика жөніндегі бас кеңесшісі Ерлан Байдәулет айтты.

Астана. 1-қазан. Kazakhstan Today - Халықаралық валюта қоры Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытуға гранттық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен 3-ші Қазақстан Ислам қаржыландыру конференциясында Қазақстан Ислам қаржы дамыту ассоциациясының төрағасы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің экономика жөніндегі бас кеңесшісі Ерлан Байдәулет айтты.

Оның атап өтуінше, Алматыда қыркүйек айында Халықаралық валюта қоры, Ислам даму банкі және Қазақстанның ұлттық банкі ұйымдастырған исламдық қаржыландыру жөніндегі іс-шара болып өтті.

"Сол шарада ғаламдық қаржы институты болып табылатын Халықаралық валюта қоры бізге көмек қолын созатынын мәлім етті. Сондықтан қазір ХВҚ біздегі исламдық қаржыландыруды дамыту үшін техникалық жағынан да, гранттық көмек ретінде де қолдайтынын атап өткім келеді", - деді ол.

"Бұл секторды дамытудағы басты мақсат тек баламалы инвестиция көзін тарту емес, сонымен қатар, біз осы қадам арқылы экономиканы дамытудағы нақты қадам туралы айта аламыз. Нақты бір секторға инвестиция тарту арқылы Қазақстан экономикасы жалпылай алғанда барлық саланы дамыту үшін үлкен серпінге ие болады", - деді Е. Байдәулет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны