15.11.2011, 13:24 4063

ІІ жарты жылдықта құны 903 млрд теңгені құрайтын 162 индустриялдық жобаны іске қосу жоспарлануда

Бүгінде құны 900 млрд теңгеден асып жығылатын 234 индустриялдық жоба пайдалануға берілген. Соның ішінде жыл басынан бері құны 120 млрд теңгені құрайтын 82 индустриялдық жоба іске қосылған. 29 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған,- деп атап өтті үкімет отырысында Қ. Келімбетов.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - ІІ жарты жылдықта құны 903 млрд теңгені құрайтын 162 индустриялдық жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Бүгінде құны 900 млрд теңгеден асып жығылатын 234 индустриялдық жоба пайдалануға берілген. Соның ішінде жыл басынан бері құны 120 млрд теңгені құрайтын 82 индустриялдық жоба іске қосылған. 29 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған,- деп атап өтті үкімет отырысында Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны