17.04.2007, 17:54 3108

Индустрия министрлігі жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін бөлу тетіктерін жетілдірмекші

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. ҚР индустрия және сауда министрлігі жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін бөлу тетіктерін жетілдірмекші. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында мекеме басшысы Ғалым Оразбақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тегін берілетін жер телімдерін бөлу тетіктерін жетілдіре бекіту қажет",- деді Ғ.Оразбақов.

Оның айтуынша, жеке баспана тұрғызуға ынталандыру шарасы "жеке меншік үй салуға бөлінген массивтерді электрмен, су құбыры және кәріз жүйесімен, құрылыс басталмай тұрып жолмен қамтамасыз ету, сондай-ақ, жер массивтерін елдімекенді дамыту жөніндегі нақты себепсіз түзетілмейтін бекітілген жоспарға сай бөлу есебінен" жүзеге асырылады.

Сонымен бірге оның айтуынша, "Қазақстанның әрбір азаматына жер телімі берілуге тиіс, ал осы құқықты жүзеге асыру процессі қазір қанағаттандыра алмай отыр".

"Жеке баспана тұрғызуға жер телімін бөлу жұмыстары инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілмеуге байланысты бөгеліп келді",- деді министр. "Соның салдарынан 536 мың өтініштен небәрі 169 мыңы, немесе, 32 проценті ғана қанағаттандырылды",- деді ол.

Ғ.Оразбақовтың айтуынша, 2008-2010-жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес "инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі анағұрлым ұлғайтылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны