18.09.2007, 13:39 1426

Индустрия және сауда министрі коммерциялық банктерді құрылыс компанияларының кепілге қойған мүліктерін сатудан бас тарта тұруға шақырады

Индустрия және сауда министрі коммерциялық банктерді құрылыс компанияларының кепілге қойған мүліктерін сатудан бас тарта тұруға шақырады.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов коммерциялық банктерді құрылыс компанияларының кепілге қойған мүліктерін сатудан бас тарта тұруға шақырады.

"Біз банктерден 2008 жылдың бірінші жартысының аяғына дейін тұрғын үй құрылысы жөніндегі жобалар бойынша құрылыс компанияларының кепілге қойған мүліктерін сатудан бас тарта тұруды сұраймыз, бұл іс жүзінде тұрғын үй құрылысына берілген несиелердің мерзімін ұзартуға байланысты", - деді Ғ. Оразбақов бүгін үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде. "Бұл шаралар барлық компанияларға қатысты жаппай емес, құрылыс бизнесімен нақты шұғылданатын және нарықта өздерін жақсы жағынан таныта алған компанияларға қатысты ғана қолданылуға тиіс", - деді министр. "Ирине, банктер осындай әріптестерінің тізімін өздері айқындауға тиіс", - деді ол.

"Ал жүйелі шара ретінде құрылыс компаниялары несиелерін қайтармаған жағдайда оларды өз акцияларының қосымша эмиссиясын шығаруға немесе үлесін сатуға мәжбүрлеу тетігін енгізуді ұсынамыз", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның пікірінше, бұл шаралар активтерді өндірістік айналымнан шығармауға, құрылыс салуды одан әрі жалғастыруға және құрылыс компанияларының банктердің алдындағы жауапкершілігін көтеруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны