23.05.2014, 22:10 1955

Интеграция аясында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге басымдық беріледі

Қостанай облысы үшін еліміздің басқа өңірлеріндегідей интеграциялық процестер маңызды. Жалпы, аймақтың экономикасы индустриялық-агарарлық бағытта дамиды. Аймақтың ЖӨӨ-нің 33%-дан астамы өндірістік - аграрлық салаға тиесілі. Өткен жылы жалпы өңірлік өнім 1 трлн. 310 млрд. теңгеден астам қаражатқа өндірілді және ол 2012 жылмен салыстырғанда 6,6% өсті.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен бирфингте Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев еуразиялық интеграция аясындағы аймақаралық қарым-қатынас мәселелерін кеңінен әңгімеледі.

"Еуразиялық экономикалық одақ құру қарсаңында одаққа мүшелік ететін елдердің өңірлік қарым-қатынас мәселелері маңызды. Осы мақсатта реттейтін нормативті құқықтар базасы жасақталуда. Ол экономиалық тұрғыда байланыс орнатуға, атап айтатын болсақ өндіріске жаңа технологияларды ендіруде, инвестиция тартуда, ғылыми-зерттеу байланыстарын орнатуда маңызды. Бұл одақтың пайдасы зор, оның еркін сауда аймағын құруда, кедендік кедергілерді қалыптасуда, қосымша инвестиция тартуда септігі жоғары", - деді сөз басында аймақ басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, ол ЕАЭО құрудың пайдасы мен тәуекелдерін алдын-ала есептеу мүмкін емес екендігін жасырмады. Алайда, КО ен БЭК пайдасын отандық кәсіпкерлер сезінді, деді ол.

"Қостанай облысы үшін еліміздің басқа өңірлеріндегідей интеграциялық процестер маңызды. Жалпы, аймақтың экономикасы индустриялық-агарарлық бағытта дамиды. Аймақтың ЖӨӨ-нің 33%-дан астамы өндірістік - аграрлық салаға тиесілі. Өткен жылы жалпы өңірлік өнім 1 трлн. 310 млрд. теңгеден астам қаражатқа өндірілді және ол 2012 жылмен салыстырғанда 6,6% өсті. Айта кетерлік жайт, біздің өңір үшін ауыл шаруашылығы, аграрлық-өндірістік, өндірістік салада байланыс орнатқан тиімдірек. Себебі, облыс тұрғындарынын 48% ауылда тұрады. Сондықтанда интеграция аясында біз малшаруашылығына және ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеуге басымдылық береміз", - деп Мұрат Дәрібаев ағынан жарылды.

Бұдан басқа, ол, интеграция аясында 5 млн. астам егін алқабы бар аймақ осы салада инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда, деп атап өтті. Дәлірек айтатын болсақ, бидайды қайта өңдеу, ауылшаруашылығы өнімдерін даярлауда инновациялық технологияларды тарту болып табылады.

"Төрт жыл ішінде аграрлық кешен бойынша жалпы құны 50 млрд. долл. асатын 85 жоба, қайта өңдеу саласында 23 жоба жүзеге асырылды. Күрделі жобаларды жүзеге асыруда ҮИИДМБ септігі зор болды. Аталмыш бағдарлама аясында өңірде негізі 69 жоба іске қосылды. Бұдан басқа машинақұрылысы, ауылшауашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылды", - деп аймақтың соңғы жылдары жеткен жетістіктерін Мұрат Дәрібаев тізіп берді.

Сондай-ақ, аймақ басшысының орынбасары бүгінде Ресей, Белорусия елдерінің өңірлерімен байланыс орнатылғанын, ЕАЭО аясында олар нығайтылатынын тілге тиек етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны