27.03.2008, 16:44 3258

Ішкі азық-түлік нарығына қажетті ауылшаруашылық дақылдары толық көлемде өндірілген жоқ - Ауылшаруашылығы министрлігі

Ішкі азық-түлік нарығына қажетті ауылшаруашылық дақылдары толық көлемде өндірілген жоқ - Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бірқатар ауылшаруашылық дақылдары бойынша 2006-2008 жылдарға арналған кезек күттірмес шаралар бағдарламасында қарастырылған және ішкі нарықты өз елімізде өндірілген негізгі азық-түлік өнімдерімен қанықтыру қажеттігіне байланысты көрсеткіштерге қол жеткен жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде министрліктің фитосанитарлық қауіпсіздік және егін шаруашылығы департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бірқатар ауылшаруашылық дақылдары бойынша, соның ішінде майлы дақылдар бойынша 2006-2008 жылдарға арналған кезек күттірмес шаралар бағдарламасында қарастырылған және ішкі нарықты өз елімізде өндірілген негізгі азық-түлік өнімлерімен қанықтыру қажеттігіне байланысты көрсеткіштерге қол жеткен жоқ", - деді А. Буць.

Оның мәліметінше, "майлы дақылдар егіс алқаптарының құрылымы бойынша небәрі 3,8%-ға жетеді, ал нормативтік көрсеткіш - 7 - 8%-ға тең, ал рапс небәрі 1,2%-ға жетеді, бағдарламада 3,3% жоспарланған".

А. Буць ханымның айтуынша, аталған дақылдар "еліміздің солтүстігі мен орталығында бұрынғыдай мардымсыз алаңдарды иемденеді". Бұл қатарға Қостанай облысын қоспауға болады, "онда майлы дақылдар егінін 70 мың гектарға дейін, соның ішінде рапс егінін 67 мың гектарға, күнбағысты 3,6 мың гектарға дейін ұлғайту межеленген".

Оның айтуынша, Ақмола облысында майлы дақылдар алаңы небәрі 2,2 мың гектарға ұлғайса, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында ондай алаңды керісінше 0,6 мың гектарға азайту жоспарланған. Сафлор алаңы оңтүстікте 5,3 мың гектарға азайтылмақшы.

"Ағымдағы жылы басымдық берілген дақылдарды, әсіресе, қант қызылшасын қолдауға 1 гектарға арналған мемлекет қаржысы біршама өскеніне қарамастан, оны егетін алқаптар көлемінің өсімі, негізінен Жамбыл облысында небәрі 6,6 мың гектарды құрайды", - деді А. Буць.

Сонымен бірге, оның мәліметінше, "мақта егістіктері 9,2 мың гектарға, күріш егістіктері 2,7 мың гектарға азаяды, бұл негізінен суаратын су лимитінің шектелетіндігі туралы болжамға байланысты".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны