27.03.2008, 16:24 3088

ИСМ аймақтарға мемлекеттік -жеке меншік серіктестік қағидасы бойынша жылыжай құрылыстарын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр

ИСМ аймақтарға мемлекеттік -жеке меншік серіктестік қағидасы бойынша жылыжай құрылыстарын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі (ИСМ) облыс әкімдіктеріне аймақтарда мемлекеттік -жеке меншік серіктестік қағидасы бойынша жылыжай құрылыстарын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР ауыл шаруашылық министрлігінде өткен коллегияда ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл ұсынысты әрбір облыс қарастыруы мүмкін, оған облыс бюджетінен қаржы жұмсалмайды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі арқылы жүзеге асуы мүмкін, көкөністердің тапшылық жағдайын тұрақтандыру үшін жеке меншік бизнес иелері облыс бойынша қысқы, көктемді-жазғы қажетті жылыжай санын анықтау жұмыстарын жүргізуге көмегін берер ", - деді В. Школьник.

Ол айтқанындай, "Бизнесмендер тарапынан министрлікке жылыжайларды жасап шығаратын зауыт құрылысын салу жөнінде өтініштер келіп түсуде".

"Олар айтқанындай, бір гектар жылыжайдың құны $600 - 700 мың болады және бұл жылыжайларды сатып алатын сұраныстың болатынына бір кепілдік керек ", - деп атап өтті В. Школьник.

"Егер біз Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларымен бірлесіп әрбір облыс бойынша сараптама жұмыстарын жасап, онда белгілі бір зерттеулер қорытындысына келеміз. Осындай өндірісті қысқа мерзім ішінде ұйымдастыру менің пікірімше дұрыс шешім болар еді ", - деп атап өтті ИСМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны