26.10.2016, 22:30 3840

Израильдік инвесторлар Оӊтүстік Қазақстан облысына миллиардтаған теӊге инвестиция салмақшы

"Біздіӊ қаржылық ресурстарымыз ауқымды және банк капиталын жобаларды жүзеге асыруға бағыттай аламыз. Қазір біз тек бір ғана жобаға шамамен 9 млрд. теӊге жұмсағалы отырмыз",- деді "YR - Mitrelli" компаниясыныӊ негізін қалаушы Хаим Тайиб.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Израильдік инвесторлар О?түстік Қазақстан облысына миллиардтаған теӊге инвестиция салмақшы, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Израильдік кәсіпкерлер өздерініӊ қазір ТМД елдеріне назар аударып отырғанын растады. Ал Қазақстан оларды өзініӊ қарқынды дамып келе жатқан агроөнеркәсіптік секторымен қызықтырады. Сол себепті олар бизнес-серіктестерін еліміздіӊ оӊтүстік өӊірінен іздестіруге бел буған. Тараптар Сарыағаш ауданында агросаябық құру, сүт өндірісі логистикасын және балық шаруашылығын дамыту жайын талқылады.

"Біздіӊ қаржылық ресурстарымыз ауқымды және банк капиталын жобаларды жүзеге асыруға бағыттай аламыз. Қазір біз тек бір ғана жобаға шамамен 9 млрд. теӊге жұмсағалы отырмыз",- деді "YR - Mitrelli" компаниясыныӊ негізін қалаушы Хаим Тайиб.

Агроөнеркәсіптік сектормен қатар жергілікті билік изральдік инвесторлардыӊ қарауына тағы да бірнеше жобаны ұсынды. Олар энергетика және медицина салаларына қатысты.

"Өздеріӊіз білесіздер, израильдік компаниялар әсіресе біз үшін аса маӊызды онкология саласында көш бастайды. Орталық 300 -ден астам орынға есептеледі. Қазір біз нәтижесінде сапалы жоба әзірлеу үшін сенімді серіктестерді іздестіріп жатырмыз",- дейді "Шымкент" ИКК"ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алпысбаев.

Израильдік кәсіпкерлердіӊ Шымкентте онкоорталық ашқалы отырғаны туралы израильдік өкілдердіӊ қыркүйек айындағы сапары кезінде белгілі болған-тұғын. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, бірақ, құрылыс жұмыстары дәл қашан басталатыны белгісіз. Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев нәтижеге назар шоғырландыратынын және шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

"Біз сіздердіӊ әлеуеттеріӊізді толығымен пайдаланбақ ниеттеміз. Мен облыс басшысы ретінде кепілдік беремін. Біз аса ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға сіздердіӊ атсалысуларыӊыз үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз",- деді облыс әкімі.

Икім израильдік брендті алға жылжыту үшін бірлескен кластер құруды ұсынды. Ол қазір 17 жоба іске асырылып жатқан қазақ-түрік индустриялық аймағыныӊ үлгісінде жұмыс істейтін болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев израильдік "YR-Mitrelli Group" компаниясыныӊ өкілдерін қабылдады. Аталған компанияныӊ президенті - негізін қалаушы Хаим Тайибпен болған әӊгімеде тараптар қос мемлекет - Қазақстан мен Израильдіӊ түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оӊтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Басқосуда Ж.Түймебаев компания басшылығын Оӊтүстік Қазақстан облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталық пен консультативтік - диагностикалық емхананыӊ құрылысы, "ақылды" автотұрақ, балық шаруашалығын дамыту, Сарыағаш ауданындағы агробақ жоспары мен сүт жинауға арналған логистикалық орталықтыӊ жұмыстарын ұсынды.

Израиль мемлекетініӊ ауыл шаруашылығы, медицина, өнеркәсіп сынды бірқатар салаларда әлемдік көшбасшы екенін айтып, осы істердіӊ Оӊтүстікте де қанат жаюы қажеттігіне тоқталған Жансейіт Қансейітұлы өӊірімізде шетелдік кәсіпкерлердіӊ жұмысын дамытуға әкімдік тарапынан қажетті қолдаулардыӊ жасалатынын жеткізді.

Бұған дейін Оӊтүстік Қазақстан облысына сапары аясында аталған компания өкілдері өӊіріміздегі кәсіпкерлік нысандарын аралап, ауыл шаруашылығы саласы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді байқаған болатын. Қонақтар облыс аумағындағы көлік-логистикалық аймақтар мен ауыл шаруашылығыныӊ дамуына қызығушылық білдірген.

Айта кетейік, әлемдік нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "YR-Mitrelli Group" серіктестігі кеӊ ауқымды, ұзақ мерзімді жобаларды әзірлеп, жүзеге асырумен айналысатын ірі компания болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік денсаулық сақтау, су, энергетика, білім беру, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда еӊбек етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны