10.12.2025, 14:01 58336

КҚК-ға жасалған шабуылдардан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады

КҚК-ға жасалған шабуылдардан кейін Қашаған мұнайы Қытайға бағытталады
Сурет: kbv.kz
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кірісті, деп хабарлайды Inform.kz.

Министрліктің мәліметінше, КҚК-ның теңіз терминалына жасалған шабуылдар мұнай экспортын толық тоқтатпаған. Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған порт инфрақұрылымы арқылы жөнелту жалғасып жатыр.

- Қазіргі уақытта министрлік жүк жөнелтушілермен бірлесіп, мұнай көлемдерін жедел түрде қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде Қашаған мұнайының белгілі бір бөлігі Қытайға бағытталды. Ахуал Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында болады, - деп атап өтті ведомстводан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны