12.02.2015, 15:55 4047

Қ.Келімбетов: 2015 жылы теӊге бағамыныӊ күрт өзгеруіне жол берілмейді

2015 жылы теӊге бағамыныӊ күрт өзгеруіне жол берілмейді, деді Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов ОКҚ брифингінде

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы теӊге бағамыныӊ күрт өзгеруіне жол берілмейді, деді Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылы біз теӊге бағамыныӊ бірден өзгеріске ұшырауына жол бермеуді жоспарлаудамыз. Қазіргі таӊда валюталық дәліздіӊ ағымдағы саясатын ұстанып отырмыз. Макроэкономикалық жағдайлар аталмыш дәлізде болуымызға мүмкіндік береді", - деді Ұлттық банк төрағасы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Келімбетов айтып өткендей, Ұлттық банк ішкі және сыртқы нарықтарда қандай өзгерістер болып жатқандығын 3-9 ай көлемінде бақылап жүр.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы жақын арада Үкімет макроэкономикалық жоспардыӊ өзгеруіне байланысты бюджетке өзгерістер енгізетіндігін айтты.

"Кеше негізгі макроэкономикалық жоспар өзгертілді. Үкімет жақын арада бюджетті нақтылайтын болады", - деді Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны