22.05.2008, 13:06 2660

Қант қызылшасының егу жұмыстары 90% орындалды -ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Қант қызылшасының егу жұмыстары 90% орындалды -ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қант қызылшасының егу жұмыстары 90% орындалды. Бұл туралы бүгін АШМ коллегиясында ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Субсидия көлемінің ұлғаюы арқасында биылғы жылы республикада қант қызылшасының егу алқаптары 41 пайызға ұлғайтылады. Бүгінгі күні бұл дақылдардың егу жұмыстары 90 пайызға орындалды деп хабарлаймын", -деді А. Күрішбаев.

"Қалған 10 пайыз егу жұмыстары аяқталғаннан кейін қант қызылшасының алқаптары 5,6 мың гектарға ұлғаяды", - деп толықтырды ол. Министр атап өткеніндей, биылғы жылы қант қызылшасына бөлінген субсидиялар көлемі бес есе өсіп, бір гектарға 10 мыңнан 50 мың теңге жұмсалып отыр.

Сонымен қатар, министр хабарлағанындай, биылғы жылы майлы дақылдардың егу алқаптары 130 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 770 мың гектар жерді құрады.

"Бұл орташа деңгейде 540 мың тонна майлы тұқымды астық алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл май өңдеу кәсіпорындарын қажетті көлемде шикізатпен қамтамасыз етеді...әрине, егер биылғы жылы майлы тұқымды экспортқа шығаруға тыйым салынса, жиналатын шикізат ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді ", - деп хабарлады А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны