16.01.2008, 19:26 2871

Қаңтар айының алғашқы жартысында Қазақстанның алтын-валюта қоры 3,4% өсті

Қаңтар айының алғашқы жартысында Қазақстанның алтын-валюта қоры 3,4% өсті

Алматы. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қаңтар айының алғашқы жартысында Қазақстанның Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде (алдын ала мәлімет бойынша 21 300,7 млн АҚШ доллары) алтын-валюта қоры жалпы алғанда (ағымдық бағамен) 3,4% өсіп, 39 755,1 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұлттық банк хабарламасына сілтеме жасай отырып.

2008 жылдың қаңтар айының алғашқы жартысындағы Ұлттық банктің таза халықаралық қорының өсімі ақша базасының 4,8% немесе 69,7 млрд теңгеге кеңеюін туғызды. Сонымен бірге, Ұлттық банктің таза халықаралық қоры ағымдағы бағамен 6,1% немесе 1 062,0 млн АҚШ долларына өсті.

Валютаның Ұлттық банктегі үкіметтің шотына келіп түсуі, екінші деңгейдегі банктердің шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюы ішкі валюта нарығындағы валюта сатылымы арқасында ішінара жойылды. Нәтижесінде таза валюталық қор 926,5 млн АҚШ долларына, алтын активі дүниежүзі нарығында оның бағасының 10,0 % көтерілуі салдарынан - 135,5 млн АҚШ долларына өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны