04.02.2010, 11:15 1546

Қаңтарда жалпы халықаралық резервтер 13,73%-ға өсті - Ұлттық банк

Қаңтарда жалпы халықаралық резервтер 13,73%-ға өсті - Ұлттық банк

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Жалпы халықаралық резервтер 2010 жылдың 1 ақпанындағы жағдаймен 13,73%-ға өсіп 26405,3 млн долларды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Есепті мерзімде ҚР Ұлттық қорының активтері 1,03%-ға өсіп, $24 619 млн құрады.

Қаңтарда еркін ауыспалы валютадағы активтері 15,61%-ға өсіп $23 953 млн болса, ал алтындағы активтер 1,92%-ға $2453 млн дейін азайды.

Таза халықаралық резервтер қаңтарда 14,07%-ға өсіп $25 847 млн құрады.

Ақша базасы 2584,6 млрд. теңге болды.

Ақша массасы 7386,5 млрд теңгеге жетті.

Инфляция 2010 жылғы қаңтарда 1,4% болды.

Айналыстағы қолма-қол ақша 913,5 млрд теңге.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 7,0%.

Ақша базасы, тар мағынада 2045,9 млрд теңге болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны