15.10.2012, 12:59 3137

Қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,3% артты

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның негізгі капиталына 3 трлн 536,4 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 3,3% артық, деп хабарлайды мемлекеттік Статистика агенттігі.

Астана. 15-қазан. Kazakhstan Today - Қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,3% артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның негізгі капиталына 3 трлн 536,4 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 3,3% артық, деп хабарлайды мемлекеттік Статистика агенттігі.

Статистикалық деректерге қарағанда, тау-кен өнеркәсібі және кен орындарын игеру (30,8%), тасымал және қойма (17%) және жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар (8,9%) саласының инвестициялық тартымдылығы жоғары болып отыр.

Инвестицияның басым бөлігі шаруашылық нысандарының өз қаржысы 54%. Мемлекеттік бюджет үлесі 20,1% (былтыр 18,6%), шетелдік инвестиция 14,8% (23,1%), заем - 11,1% (10,7%).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны