14.05.2012, 17:41 3290

Қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің өсімі 5,6 пайызды құрады

Оның айтуынша, 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 5,6 пайыз болды.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қаңтар-наурыз жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 5838,3 млрд. теңгені құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2011 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 5,6 пайыз болды.

Атап айтқанда, агенттік мәліметтері бойынша, ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі - 39,9, қызмет көрсету - 55 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны