19.10.2007, 15:16 3089

Қантқа деген әсіре сұраныс алыпсатарлар тарапынан туындап отыр - Астана әкімшілігі

Қантқа деген әсіре сұраныс алыпсатарлар тарапынан туындап отыр.

Астана. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана әкімшілігінің пайымдауынша, Астанадағы қантқа деген әсіре сұраныс алыпсатарлар тарапынан бағаны көтеру үшін жасап отырған жасанды дүрбелең . Икімшіліктегілер Астанада қант бағасы көтерілмейді деп хабарлайды. Бұл туралы бүгін астаналық билік өкілдері мен Астананың бөлшек сауда өкілдерінің біріккен мәлімдемесін жария ету барысында Астана әкімінің орынбасары Болат Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Астана әкімі мен қаланың кәсіпкерлері қала тұрғындарын ешқандай қобалжушылыққа және негізгі азық түлік, соның ішінде қант бағасына қатысты алысатарлыққа негіз жоқ екендігіне толық сеніммен және жауапкершілікпен ресми түрде сендіреді",- деп мәлім етті Б. Смағұлов.

"Біз аталмыш өнімнің де, тұздың да бағасы көтерілмейтідігін жауапкершілікпен айтамыз",- деп атап көрсетті ол. "Аталмыш өнімнің Астананың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қажетті көлемі бар. Және де кейбір алыпсатарлар санаты тарапынан жасалып отырған алыпсатарлық дүрбелең",- деп санайды әкімнің орынбасары.

"Біз оларға қатысты жеке жұмыс жасап жатырмыз, дәлірек айтқанда жұмысты қаржы полициясы жүргізіп жатыр. Біз жақын күндері бұл дүрбелең мен Астананың тұтынушылық нарығында жасанды тапшылық тудырып отырған адамдарға қатысты мәселе өз шешімін табады деген үміттеміз",- деп атап көрестті Б. Жұмағұлов.

Ол, Астанада күн сайын 25-30 тонна қант тұтынылатындығын еске сала кетті. "Біз тиісті инспекция жүргіздік, қала қоймаларында көп мөлшерде қант бар, бұл Астананың мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жеткілікті, тіптен Астана базарына қант тасымалдаушы кәсіпкерлер қажет болған жағдайда тасымал көлемін екі есеге, тіптен үш есеге дейін өсіре алады",- деп сендірді Астана әкімінің орынбасары.

"Жүк тиелген вагондар қазір тіпті станцияда тұр және де кешке дейін қосымша көлем түсіріледі",- деп қосты ол.

Кездесудің аяқталуына орай таратылған Астана әкімшілігі мен Астананың негізгі көтерме сауда тасымалдаушылары мен бөлшек сауда өкілдерінің біріккен мәлімдемелерінің мәтінінде Астана тұрғындарын "тыныштық сақтап, кейбір алыпсатарлар санаты тарапынан жасалып отырған алыпсатарлық дүрбелеңге берілмеуге" шақырған.

Астанада соңғы бірнеше күнде, бірқатар бөлшектеп сату орындарында бір кг қанттың бағасы 160 - 300 теңгеге дейін көтерілген, сондай-ақ олардың кейбіреулері сатып алушыларға жақын күндері қант бағасының қайта өсетіндігін айтып, қосыша қант сатып алуға кеңес берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны