19.06.2017, 18:21 4579

Қарағанды облысына 2017 жылғы 4 айда 28,2 млрд теӊгеніӊ тікелей шетелдік инвестициясы тартылды

Қарағанды облысына 2017 жылғы 4 айда 28,2 млрд теӊгеніӊ тікелей шетелдік инвестициясы тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

Қарағанды. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысына 2017 жылғы 4 айда 28,2 млрд теӊгеніӊ тікелей шетелдік инвестициясы тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

" Қарағанды облысына ағымдағы жылдыӊ 4 айында 28,2 млрд теӊгеніӊ тікелей шетелдік инвестициясы тартылды. Бұл өӊірге тартылған жалпы инвестициялар көлемініӊ 42,6%-ы. Ағымдағы жылы "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы аумағында австриялық SevenRefractoriesGmbH компаниясыныӊ қатысуымен құны 1,7 млрд теӊгені құрайтын "Отқа төзімді материалдар өндіретін зауыт құрылысын салу" жобасы іске қосылды", - деді М.Кәрібеков.

Осы бағыттағы жұмыстарға тоқталған облыс әкімі орынбасарыныӊ айтуынша, 2015 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 117,1 млрд теӊгені немесе өӊірдіӊ негізгі капиталына тартылған жалпы инвестициялар көлемініӊ 34,1%-ын құраған болатын. 2016 жылы бұл көлем 114,1 млрд теӊге немесе облыстыӊ дамуына жұмсалған қаражаттыӊ 36,2%-ын құрады.

Атап айтқанда, 2015 жылы "Фармстандарт" ААҚ ресейлік инвесторларыныӊ қатысуымен Қарағанды фармацевтикалық кешені құрылысыныӊ үшінші кезегініӊ жобасы жүзеге асырылды. Құны 7,3 млрд теӊгені құрайтын жобаны "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС жүзеге асырды.

Сондай-ақ, "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы аумағында Оӊтүстік Кореяныӊ Hyunwoo компаниясы құны 1,2 млрд теӊгені құрайтын "Алдын-ала қапталған құбырлар мен пенополиуретан қаптамасы бар фасонды өнімдер өндіретін зауыттыӊ құрылысын жүргізу" жобасын жүзеге асырды.

АҚШ-тыӊ трансұлттық "Halliburton" компаниясыныӊ қатысуымен "KarazhalOperаting" ЖШС барит кенін өӊдеу өндірісін іске қосты. Жобаныӊ жалпы құны - 6 млрд теӊге.

Сондай-ақ, 2016 жылы Ұлыбританиялық инвесторлардыӊ қатысуымен "Көктасжал" кенішініӊ негізінде тау-кен байыту кешені салынып пайдалануға берілді. Жобаны "Алтай полиметаллы" ЖШС жүзеге асырды, жоба құны - 63 млрд теӊге.

Кәрібековтыӊ айтуынша, өӊірде минералдық шикізат базасын кеӊейтуге баса назар аударылуда. Бұл бағыт инвесторларды тартуға тиімді.

"Бүгінгі күні облыста Казгеология компаниясымен бірлесе отырып халықаралық компаниялар геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Оӊтүстік Кореяныӊ энергетика және минералдық ресурстар саласындағы ұлттық корпорациясы "КORES" Ұлытау ауданындағы Дүйсенбай учаскесінде мырыш, қорғасын мен күмістіӊ аз қоры бар полиметалдар кеніштерін іздеп табу жұмыстарын жүргізуде. Инвестиция көлемі іздестіру сатысында - 640 млн теӊге. Барлау мерзімі 2015 және 2017 жылдар аралығындағы 3 жылды құрайды", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, Жапонияныӊ "JOGMEC" корпорациясы сирек жерлік элементтері бар кеніштерді табу мақсатында Жаӊаарқа ауданында "Қыземшек бөлігінде геологиялық барлаулар жүргізу" жобасын жүзеге асыруда. Инвестиция көлемі іздестіру сатысында - 26 млн теӊге. Барлау жұмыстары 2017 жылы жүргізіледі.

Ұлыбританияныӊ "RioTinto" концерні Ұлытау ауданындағы "Қорғантас" учаскесінде және Шет ауданындағы "Балхаш-Сарышаған алаӊында" еӊ аз кен мөлшері 1 млрд тонналық мыс кенішін және құрамындағы мыс мөлшері кемінде 0,7% құрайтын кенішті табу шеӊберінде жұмыстар жүргізуде. Іздестіру сатысындағы инвестиция көлемі 3,4 млрд теӊгені құрайды. Барлау мерзімі 6 жыл (2015-2020 жж.).

Сондай-ақ, 3 млн тоннадан астам мыс кенішін табу жобасыныӊ шеӊберінде немістіӊ "ULMUSFUND" тікелей инвестициялар қоры Шет ауданындағы "Бесшоқы" учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізуде. Инвестиция көлемі - 1,9 млрд теӊге. Барлау мерзімі 6 жыл (2015-2020 жж.).

Сондай-ақ, Түркияныӊ "YILDIRIMGROUP" компаниясы хромныӊ ірі кенішін табу және арықарай кен орны мен кен байыту комбинатын салу мақсатында Жаӊаарқа ауданындағы "Тектұрмас белдеуінде" хромит кенішін табу үшін геологиялық барлау - зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі - 3 млрд теӊге. Барлау жұмыстары аяқталған соӊ барлық табылған қор мемлекеттік балансқа беріледі.

"Бұдан әрі біз облысқа нүктелік мақсатта инвестор тарту мүмкіндігіне ие боламыз", - деді Кәрібеков.

Сондай-ақ, оныӊ хабарлауынша, өӊір "Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы шеӊберінде мақұлданған жоғарғы дәрежедегі өӊдеу жобалары" бойынша Қытай Халық Республикасымен елдік ынтымақтастық бағдарламасына да қатысып отыр. Республика бойынша 51 жобаны қамтитын тізімге облыстан 2 жоба қамтылған. Олардыӊ бірі - "KaragandyCCI" ЖШС жүзеге асырып жатқан Қазақстанда көмір өӊдеу кешенініӊ құрылысы жобасы. Жобаныӊ құны - $2,6 млрд (819 млрд теӊге). Жылдық жобалық құны - 2,5 млн тоннаға дейін көмір өӊдеу, 500 мыӊ тоннаға дейін сұйық отын өӊдеу. Жоба Қытайдыӊ Цинхуа (ChinaKinghoEnergyGroup) энергетикалық корпорациясы мен Қазақстан компанияларыныӊ қатысуымен жүзеге асырылады.

"Іре шетелдік компаниялармен арадағы жұмысқа келетін болсақ, облысқа келген мынадай трансұлттық корпорацияларды атауға болады: Бельгияныӊ "CarmeuseGroupс" корпорациясы Осакаровск ауданында инвестиция көлемі 8,1 млрд теӊгені құрайтын "Жоғарғы сапалы әктас өндіретін зауыт құрылысын салу" жобасын жүзеге асыруда. Жоба 2015-2018 жылдары жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қаражал қаласында "Қазмырыш" Швейцарияныӊ GlencoreInternational компаниясыныӊ қатысуымен Жайрем Тау-кен байыту комбинатында кен байыту фабрикасыныӊ құрылысын жүргізу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Жобаныӊ жалпы құны - 100 млрд теӊге. Жоба 2016-2020 жылдары жүзеге асырылады", - деді Кәрібеков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны