06.06.2017, 17:10 3489

Қарағанды облысында 2017 жыл басынан бері ет және сүт өнімдерін өндіретін 25 кооператив құрылды

"4 мыӊ басқа шақталған 613 бордақылау алаӊдары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 9 модульдік сүт қабылдау бекеттері құрылып, 12 модульді мал сою бекеттеріне ет жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Бір мыӊнан астам жеке қосалқы шаруашылықтар өнім өндіру жұмысына жұмылдырылды. Ол мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға септігін тигізеді", - дейді Шағурашид Мамалинов.

Қарағанды. 6 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында шағын шаруа қожалықтар мал шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару үшін ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарына бірігуі мүмкін. Қой және жылқы шаруашылықтары кооперативін құру жоспарлануда. Ол жайында Қарағанды обысы әкімініӊ орынбасары Шағурашид Мамалинов мәлімдеді.

"Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру бойынша шешімдер қабылданды. Барлық 9 ауыл аудандарында және 204 ауылдық округтерде кооперация негіздері және мемлекеттік қолдау туралы түсініктеме беретін жиналыстар өткізілді. Жыл басынан бері ет және сүт өнімдерін өндіретін 25 кооператив құрылды", - деді облыс әкімініӊ орынбасары Премьер-Министр орынбасары - ҚР ауылшаруашылық министрі Асқар Мызахметовпен өткен жиналыс барысында.

Сүт өндіретін 10 ауылшаруашылық кооперативі өнім өӊдеу мекемелерімен келісімшарт жасасқан. Алдын ала есеп бойынша, ол жыл соӊына қарай сүт зауыттарын 63-тен 70%-ға дейін жүктейді деп жоспарлануда.

"4 мыӊ басқа шақталған 613 бордақылау алаӊдары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 9 модульдік сүт қабылдау бекеттері құрылып, 12 модульді мал сою бекеттеріне ет жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Бір мыӊнан астам жеке қосалқы шаруашылықтар өнім өндіру жұмысына жұмылдырылды. Ол мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға септігін тигізеді", - дейді Шағурашид Мамалинов.

Оныӊ айтуынша бір кооперативке берілетін несиеніӊ орташа есебі 60-65 млн. теӊгені құрайды.

Облыс әкімініӊ орынбасары ауылшаруашылық кооперациялардыӊ болашағы туралы әӊгіме қозғады.

"2017 жылы Қаржылық қолдау қорымен біріге 58 ауылшаруашылық кооперативтерін құрамыз. Ал Аграрлық несиелік корпорациямен бірге 30 кооператив құруды жоспарлап отырмыз, - деді ол. - Өткен жылы Біріккен Араб Имірліктеріне 3200 қозы экспорттаған "Жеӊіс" ЖШС асыл тұқымды мал шаруашылығы негізінде экспортқа бағытталған қой шаруашылығы кооперативін құру туралы мәселе шешілуде. Биылғы жылы кәсіпорын одан да көп көлемге келісімшарт жасады. Сонымен қатар жинақталған жылқы сүтін жасайтын жабдықтары бар "Евразия Инвест" ЖШС-не сауылған жылқы сүтін жеткізетін жылқы шаруашылығы кооперативін құруды жоспарлап отырмыз".

Баяндамашыныӊ мәліметінше аймағымызда мал шаруаларына көрсетілетін мемлекеттік көмек ұлғайған.

"Егер осыған дейін сиыр еті бойынша 4 шаруа қожалығы ғана субсидия алса, қазір ондай мүмкіндік 50 қожалықта бар. Сүт бойынша субсидия алатындар 36-дан 70 шаруа қожалығына дейін өскен. Ал қой етіне келер болсақ, бұл көрсеткіш 56-ден 80-ге дейін өсті", - дейді облыс әкімініӊ орынбасары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны