25.08.2016, 19:28 4554

Қарағанды облысында бекіре шаруашылығы іске қосылды

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Бұқар Жырау ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандардыӊ, оныӊ ішінде "Қарағанды бекіресі" ЖШС балық шаруашылығыныӊ ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды.25 тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында жаӊа бекіре шаруашылығы іске қосылды, деп хабарлайды әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Қарағанды облысыныӊ әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков Бұқар Жырау ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысандардыӊ, оныӊ ішінде "Қарағанды бекіресі" ЖШС балық шаруашылығыныӊ ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кәсіпорын директоры Дмитрий Абильдин жобаныӊ мақсаты мен артықшылығын түсіндіре келе бекіре шаруашылығыныӊ құрылысы 2013 жылы көктемде басталып екі жылға созылғанын атап өтті. Шаруашылық салатын жер телімін таӊдаған кезде артезиандық су сапасы мен сатып алушыларға қолайлы болу үшін қалаға жақындығы секілді жайттарға назар аударылған.

" Жобаныӊ негізгі бағыты құнды тұқымды балық өнімдерін өсіру, өндіру, сату болып табылады. Өнімділік жылына бекіре балық түрініӊ 45 мыӊ тоннасын құрайды. Жобаны "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландырды ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кәсіпорын басшылығыныӊ ақпаратына сәйкес технологиялық желі еуропалық компаниялардан сатып алынды. Барлық жабдық автоматты компьютерлік басқарумен жарақталды, сонымен қатар балық өсіретін бассейндер, суды тереӊ тазалау оттегімен байыту жүйелері, сорғы стансасы тобы, желдеткіш камералар, балықты сүрлеу, орау, қайта өӊдеу цехтары бар.

Сондай-ақ, баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, облыс әкімі "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша салынған жаӊа ауылдық дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беруге қатысты.

"Жыл басынан бері Бұқар Жырау ауданында осы бағдарлама бойынша Доскей, Баймырза, Петровка ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Көкпекті тұрғындары да жаӊа амбулаторияныӊ ашылуын күтуде", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Н. Ибдібеков аудан әкімі Нұркен Көпжановпен бірге Үштөбе ауылындағы тағы да екі ауыл шаруашылығы кәсіпорныныӊ, атап айтқанда, "Қарағанды нан компаниясы" ЖШС мен жартылай фабрикат және бройлер етін, қаз етін өндіретін құс фабрикасы "Возрождение XXI век" ЖШС қызметімен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны