19.06.2017, 19:08 5041

Қарағанды облысында күн қуатымен жұмыс істейтін үш, жел қуатымен істейтін екі электр станциясы салынуда

Қарағанды облысында күн қуатымен жұмыс істейтін үш, жел қуатымен істейтін екі электр станциясы салынуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

Қарағанды. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында күн қуатымен жұмыс істейтін үш, жел қуатымен істейтін екі электр станциясы салынуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімініӊ орынбасары Марғұлан Кәрібеков хабарлады.

Облыс әкімініӊ орынбасары "Жасыл экономиканы" - баламалы және жаӊғыртылмалы энергетиканы дамыту - мемлекет басшысы алға қойған Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттардыӊ біріне жатады, деп атап өтті.

"Қарағанды облысында 2018 жылға дейін баламалы және жаӊғыртылмалы энергетиканы дамыту саласында 6 жаӊа нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деді Кәрібеков.

Атап айтсақ, оныӊ нақтылауынша, облыста Ақтоғай ауданыныӊ Гүлшат кенті маӊында қуаттылығы 40 МВт, Саран қаласында қуаттылығы 100 МВт, Шет ауданыныӊ Ағадыр кенті маӊында қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станцияларын салу жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Қарқаралыда қуаттылығы 60 МВт, Осакаровка кентінде қуаттылығы 10 МВт болатын екі жел электр станциясы салынуда. Бұған қоса "Агрофирма Құрма" ЖШС Абай ауданыныӊ Құрма ауылында биогаз өндіретін қондырғыныӊ құрылысын жүргізуде.

"Жобалар 168,2 млрд теӊге көлеміндегі жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстары аяқталған кезде бұл қондырғылардыӊ жалпы электр қуаттылығы 265 МВт құрайтын болады", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Оныӊ хабарлауынша, 2011 және 2015 жылдар аралығында облыста "жасыл экономиканы" дамыту саласында 4 жоба жүзеге асырылған. 2011-2012 жылдары "Шұбаркөл Көмір" АҚ қуаты 2 МВт құрайтын кокс газымен жұмыс істейтін энерготехнологиялық кешенніӊ бірінші кезегін іске қосты. 2015 жылы Бұхар Жырау ауданында "Волынский" АПК ЖШС электр және жылу энергиясы мен органикалық тыӊайтқыштар алу мақсатында органикалық қалдықтарды қайта өӊдеуге бағытталған биогаз қондырғысын іске қосты. 2015 жылдан бері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ныӊ Ленин атындағы шахтасында қуаттылығы 1,4 МВт құрайтын газды генераторлы станция жұмыс істеуде. Бұхар Жырау ауданында 2015 жылы "Казводхоз" ШЖҚ РМК Ынтымақ су қоймасында шағын су электр станциясын пайдалануға берді.

"Жобалар жалпы сомасы 1,3 млрд теӊгені құрайтын жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды. Нысандардыӊ жалпы электр қуаттылығы 4,2 МВт құрайды", - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Кәрібековтыӊ ақпаратына сәйкес, 2016 жылы жаӊғыртылмалы қуат көздерін пайдалану қондырғылары 4,6 млн кВт-сағат, оныӊ ішінде су электр станциялары - 4,4 млн кВт-сағат, күн электр станциялары - 0,018 кВт-сағат, биогаз қондырғылары - 0,139 кВт-сағат электр қуатын өндірді.

Сондай-ақ, облыс әкімініӊ орынбасары өӊірде әлемніӊ бәсекеге барынша қабілетті 30 елдіӊ қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеӊберінде бірқатар жобалардыӊ жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

"Арнайы экономикалық аймақ аумағында қорғаныс өнеркәсібін дамыту шеӊберінде қуаттылығы 30 млн дана оқ-дәріге жететін "Steelmanufacturing" ЖШС-ніӊ оқ-дәрі өндіретін зауытын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, индукциялық балқыту пешініӊ қуаты жылына 22 740 тоннаға дейін жететін, қолданыстан шығарылған көлік құралдарыныӊ қалдықтарынан шойын, болат, алюминий, түсті металл қоспаларын өндіру бойынша "RecyclingCompany" ЖШС зауытыныӊ құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша сонымен қатар көмірсутектер мен резеӊке ұнтақтарын өндіру де қарастырылған", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны