15.07.2014, 22:57 2774

Қарағанды облысының су қолданушылары 41 млн теңге салық төледі

"Биылғы жылда "Жол картасы" бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру үшін 4,9 млрд теңге жұмсалып, жаңа 2,4 жұмыс орны ашылмақ. Бірінші жарты жылдық барысында жұмыспен қамту орталығына 3,550 адам тіркелген. "Жол картасы жұмыспен қамту" аясында 1926 адам, сонымен қатар жұмыссыз 53%, тіркелмегендер 15 %, жартылай қамтылғандар 1,7%.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Қарағанды облысының су қолданушылары шілденің 1-не дейін 41 млн теңге салық төледі. Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков өткізген аппарат жиналысында Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының басшысы Бақытнасыр Данбаев мәлім етті.

Бассейндік инспекциясының атқарған істері барысында су қолданысын реттеу және оның ресурстарын қорғау шаралары жүргізілді. Оның аясында мемлекеттік 519 су қолданушылар тіркелген. Бірініші жарты жылдықта 48 нысанға су қолдану үшін арнайы рұқсаттамалар берілсе, Салық комитетінің тексерісі барысында су қолданушылар шілденің 1-не дейін 41 млн теңге салық төлегені анықталды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Бұдан басқа, келелі кеңесте "Жол картасы - 2020" бағдарламасының жай-күйі сөз болды. Бағдарлама аясында соңғы үш жылда жаңа 30,9 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық пен жағдайсыздық едәуір төмендеген.

"Биылғы жылда "Жол картасы" бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру үшін 4,9 млрд теңге жұмсалып, жаңа 2,4 жұмыс орны ашылмақ. Бірінші жарты жылдық барысында жұмыспен қамту орталығына 3,550 адам тіркелген. "Жол картасы жұмыспен қамту" аясында 1926 адам, сонымен қатар жұмыссыз 53%, тіркелмегендер 15 %, жартылай қамтылғандар 1,7%. Тұрғын үй комуналдық шаруашылық пен инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында 45 жобаны іске асыру жұмыстары басталған", - деп облыс әкімдігінен атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны