09.07.2007, 16:21 2456

Қарағандыдағы 4-ші ЖЭО құрылысының техника-экономикалық негіздемесін жасауға ағымдағы жылдың шілде айында байқау жарияланады - Сарыарқа" Илеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясының басшысы

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Қарағандыдағы 4-ші ЖЭО құрылысының техника-экономикалық негіздемесін жасауға ағымдағы жылдың шілде айында байқау жарияланады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ""Сарыарқа" ИКК Ұлттық компаниясы" АҚ басқармаларының төрағасы Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қарағандыда 4-ші ЖЭО құрылысын салу жобасы бойынша техника-экономикалық негіздемесін жасауға қажетті материалдар жиналды, оны жасауға шілде айында байқау жарияланады", - деді А. Рау. Оның айтуынша, "осы техника-экономикалық негіздеменің негізінде инвестициялық байқау өткізіледі".

"ИКК жобаға жер ресурстарымен және көмір кенішінде жер қойнауын пайдалану құқығымен қатысады", - деді корпорация басшысы. Оның айтуынша, "жер қойнауын пайдалану саласында Сарыарқаның іс-қызметі табысты жанданда бастады, бұл бірінші кезекте ЭМРМ-нің ұстанымына байланысты, бұл мекеме келісу және рұқсат беру процедураларын өткізу үшін белгіленген нормативтерге бағына отырып толыққанды көмек көрсетуде".

"Қазіргі жағдаймен жер қойнауын пайдалану жөніндегі жеті нысан бойынша ЭМРМ-імен тікелей келіссөздер жүргізілді, жалпы алғанда барлау, өндіру және пайдалы қазбаларды өңдеу салалары бойынша 45 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді А. Рау.

Бұған қоса оның айтуынша, "ертең Қарағанды индустриалық паркінің аумағында шілденің аяғына дейін жаңа темір жолдың жобасын жасауға тендер жарияланады". "Қарағанды индустриалық паркін дамыту біздің ИКК үшін басымдыққа жатады. Бірақ оның инфрақұрылымын салу жұмыстары тең инвестордың бастамасымен алаңды көшіруге байланысты ұзаққа созылып кетті, соған байланысты біз бәрін қайта бастауға мәжбүр болдық", - деді "Сарыарқа" басшысы.

Бүгінгі таңда индустриялық паркті сыртқы электрмен қамтамасыз ету схемасы жасалған. "Тең инвестормен келісілген мерзімде осынау ең қажетті көлемдегі инфрақұрылымның салып бітіру міндеті тұр. Сол себепті қазір біз кезең-кезеңмен электр қамтамасыздығын, сондай-ақ, ең қысқа темір жолды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - деді А. Рау.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны